Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебінде МВА күндізгі бағдарламасының бірінші қабылдауының студенттері өз оқуын бастады.

2014 жылғы 2 қыркүйекте  Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебінде (НУ ЖБМ) МВА (Іскерлік Басқару Магистрі) күндізгі бағдарламасының бірінші қабылдауының студенттері өз оқуын бастады. Студенттерді Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебінің Деканы Рамон О’Каллаган және Дьюк Университетінің (АҚШ) Фукуа Бизнес Мектебінің Басшы қызметкерлерді оқыту жөніндегі қауымдастырылған деканы Валери Хаусман қарсы алды.

МВА – бұл бизнес саласындағы беделді мамандандыру; осындай бағдарламаның түлектері тек теориялық білімді игерумен бірге бизнесті басқарудың тәжірибелік дағдыларына ие болады.  МВА дәрежесін алған жақсы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар кәсіпқойлар үлкен сұранысқа ие болып отыр және лайықты еңбекақыға үміттенетін болады.

Ұзақтығы 14 ай НУ ЖБМ-дегі МВА күндізгі бағдарламасы жұмыстың белгілі бір тәжірибесіне ие жас мамандар үшін арнайы құрастырылған. НУ Жоғары Бизнес Мектебіндегі МВА бағдарламасы еңбек нарығында өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылатуға және өз мансаптарын дамытуға ұмтылатын әр түрлі компанияларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен кәсіпқойлардың жалпы менеджмент саласындағы дағдыларын қалыптастыруға  арналған. Дьюк Университетінің (АҚШ) Фукуа Бизнес Мектебі НУ ЖБМ-нің стратегиялық серіктесі болып табылады. Студенттер Қазақстаннан  тыс шықпай, өз жерінде әлемдік деңгейдегі білімді алу мүмкіндігіне ие болады.  

Батыстың бизнес мектептерімен салыстырғанда, НУ Жоғары Бизнес Мектебінде МВА дәрежесін алудың сөзсіз артықшылығы аймақтық фокус болып табылады – бизнес теориялар және алдыңғы қатарлы тәжірибелер Қазақстандағы бизнес ортаның ерекшеліктерін ескеріп, жергілікті ортаға бейімделуінде.

Осы жылы, 35 үміткер Жоғары Бизнес Мектебінің МВА бағдарламасының студенті атанды, олардың орташа жұмыс тәжірибесі 4,7 жылды құрайды. Студенттердің 29% мұнай және энергетика саласында, 18% құрылыста, 15% заң және консалтинг, және 15% басіқару саласында жұмыс істеген.

Анықтама үшін: Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебі 2012 жылы құрылды. НУ ЖБМ Қазақстан мен Орталық Азияда инновациялардың дамуына ықпал ететін және бизнес көшбасшыларының жаңа буынын қалыптастыратын, бизнесті жүргізудің озық халықаралық және жергілікті тәжірибелерін ескере отырып  құрастырылған жаңа білім беру үлгісі болып табылады. Бизнес мектебі Дьюк Университетінің (АҚШ) Фукуа Бизнес Мектебімен стратегиялық серіктестікке негізделген. 2013 жылдың наурызында НУ ЖБМ топ-менеджментті оқыту бойынша МВА өзінің бірінші бағдарламасын іске қосты.