NU ғалымдары “Үздік ғылыми қызметкер-2021” марапатына ие болды

Назарбаев Университетінің және National Laboratory Astana(NLA) ғалымдары “Үздік ғылыми қызметкер-2021” марапатына ие болды. Жеңімпаздар қатарында NLA геномдық дербестендірілген медицина зертханасының басшысы Айнұр Ақылжанова, NLA энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығының директоры Жұмабай Бакенов, NLA Энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығының директоры Дамира Қанаева, NU SSH Ассистент профессоры Бақыт Маткаримов, NLA Биосенсорлар және биоқұралдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Әсия Ермұхамбетова, NU SEDS постдокторанты бар. 

 Елордада марапаттау рәсімі өтті, оның барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов лауреаттарға сертификаттар мен төс белгілерін табыс етті. Байқау жеңімпаздары 6 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. 

 Айта кетейік, мұндай байқау Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Конкурс жеті бағыт бойынша өткізілді: “Жаратылыстану ғылымдары”, “Инжиниринг және технологиялар”, “Медицина және денсаулық сақтау”, “Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар”, “Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары”, “Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік”.  Конкурса келген 575 өтінім арасынан,  еліміздің 6 ғылыми-зерттеу институты мен 16 жоғары оқу орнынан 50 ғалым жеңімпаз атанды.

Біз зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз және оларға өз салаларында және басқа да қызмет түрлерінде табыс тілейміз!