Назарбаев Университетінде студенттік қоғамдастықтың жаңа көшбасшысы сайланды
Уақыттың күрделі сын-қатерлеріне және қашықтықтан оқытуға көшуіне қарамастан, Назарбаев Университетінің студенттер қоғамдастығы белсенді университеттік өмірді жалғастыруда. Осының жарқын мысалы – Студенттік үкімет басшысы лауазымына үш үміткердің тәжірибелік онлайн режимінде өткізілген сайлауалды науқаны және олардың қорытындысы бойынша университеттің студенттік өзін-өзі басқару Жоғары органының табысты ұйымдастырылған жаңа басшысын сайлау.
Барлық үмітерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды, студенттік өмірдің өзекті мәселелерін талқылап, 10 сәуірде өткен президенттік пікір-сайыс барысында студенттердің сұрақтарына жауап қайтарды. Сайлау алдындағы науқан барысында оқиғалардың дамуын 1000-нан астам студент, сондай-ақ университет әкімшілігі мен оқытушы- профессорлар құрамының өкілдері бақылап отырды.
Қорытынды онлайн дауыс беру президенттік жарыстың жеңімпазын анықтады, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-курс студенті Жәния Мұқатай жеңімпаз атанды.
Студенттік Үкіметтің Университет тарихындағы 9 – шы Президенті Жәния Мұқатайды құттықтаймыз және оған университет пен студенттер қоғамдастығының игілігі жолында жаңа міндеттер мен жобаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз!