НУ-да телескоп жұмысының алғашқы техникалық нәтижесіне қол жеткізiлді

Ассы – Түрген обсерваториясында орнатылған, Қазақстанның ең жылдам телескопы-Nuttella-TAO (Nazarbayev University Transient Telescope at Assy-Turgen Observatory) НАСА сигналына жеті секундта жауап берді.

19 тамызда сағат 21: 45-те NASA гамма-сәулелік жарқылын ескерту жүйесі бүкіл әлемдегі обсерваторияларға сигнал жіберді. NUTTellA-TAO-ға NASA деректерін өңдеу үшін бір секунд қана және энергия шығарылуы мүмкін аспан бөлігін ашу және түсіру үшін тағы жеті секунд қажет болды.

“Бұл көздің (гамма-сәулелік жарқыл) жоғары оптикалық сіңірілетін Галактика жазықтығына жақын екендігі анықталды (ендік = 0,45, бойлық = 126,8 градус), бұл жаңа галактикалық өтпелі процесс болу ықтималдығын арттырады. Телескоппен белгіленген гамма-сәулелік жарқылдың әлсіз болғанына қарамастан, біз обсерваториямыз офлайн режимде жұмыс істегенін және адамның қатысуынсыз қадағалауды тез бастағанын растайтын алғашқы техникалық нәтижеге қол жеткіздік деп айта аламыз. Енді шыдамдылықпен жұмыс істеуді жалғастыру керек және келесі  болатын жарқын гамма-сәулелік жарқылды жазып алу керек”, – деді НУ Энергетикалық ғарыш зертханасының жобалық тобының зерттеушісі Жанат Мақсұт.

Телескопты Нобель сыйлығының лауреаты және НУ Энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі профессор Джордж Смут командасының мүшесі болып табылатын Энергетикалық ғарыш зертханасы экспериментальді тобының басшысы профессор Брюс Гросан басқарып отырған әзірлеушілер командасы жасады.

Нобель сыйлығының лауреаты және НУ Энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі профессор Джордж Смут