Онлайн оқимыз. НУ профессорының тажерибесі

2019 жылғы пандемия білім беру ортасына өзгерістер енгізді. Барлық жерде жоғары оқу орындары онлайн курстар мен қашықтықтан оқытуды енгізуде. Көктемгі семестрде Назарбаев Университеті Moodle, Zoom, Qualtrics, PowerPoint, BigBlueButton сервистерін, электрондық журналдар мен кітаптар, оқулықтар және инновациялық оқу орталығының ресурстары қолдана отырып, қашықтықтан оқытуға көшті; Күзгі семестрдің басынан бастап Назарбаев Университетінің студенттері онлайн оқуды жалғастырды.

Онлайн оқытудың мақсаты – студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуы үшін орта құру, оқу контентіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және дәріс уақытында және одан тыс уақытта студенттер мен оқытушылар арасында тиімді өзара іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Онлайн оқытуда материалды игеру жауапкершілігі студенттің өзіне көбірек жүктеледі, алайда оқытушы виртуалды оқу ортасының дизайнері ретінде мүмкіндіктер жасайды және оқу процесінің модераторы болып табылады.

Онлайн оқыту екі түрге бөлінеді – синхронды және асинхронды. Синхронды – интерактивті оқыту және сабақтар Zoom, Google Meet, Google Classroom, Adobe Connect электрондық құралдарын қолдана отырып, нақты уақыт режимінде өткізіледі. Мұғалім кері байланыс жасау, сұрақтарға жауап беру үшін бірлесіп жұмыс уақытын алдын ала жоспарлайды.

Асинхронды онлайн оқыту кезінде оқытушы электрондық порталға, мысалы, Moodle-де өз бетінше оқуға арналған оқу материалдарын дайындайды және жүктейді; студент порталға өзіне ыңғайлы уақытта кіреді және синхронды онлайн-сабақ режимінде болмай, жеке кесте бойынша тапсырмаларды орындайды. Жазбаша тапсырмалар орындалады және оқытушыға жіберіледі немесе көрсетілген мерзімге дейін порталға жүктеледі.

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры, доктор Дуйшон Шаматов “Білім берудегі көшбасшылық” бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған онлайн – оқыту элементтерін 2013 жылы қолдана бастады және бүгін өз тәжірибесімен бөлісті.

Профессор Шаматов жағдайды алдын ала талдау керек: мақсатты аудиторияны анықтау және студенттердің интернетке қол жеткізу, смартфондардың, планшеттердің, үстел компьютерлерінің болуы және т.б. сияқты техникалық мүмкіндіктері туралы білу керек деп есептейді. Осылайша, НУ-дың институционалдық зерттеулер командасы Университеттің барлық студенттерінде дербес компьютерлері мен тұрақты интернетке қосылу мүмкіндіктері бар екенін анықтады. Ал интернетке қосылуы қиын немесе жабдыққа мұқтаж аз ғана студенттер үшін Университет бірнеше нұсқаны ұсынды.

Профессор студенттердің сандық дағдылары, оқу процесінде гаджеттерді тиімді пайдалану қабілеті қаншалықты дамығанын анықтап, нәтижелеріне сүйене отырып, сабақ курсын әзірлеу қажет деп есептейді.

Онлайн форматта студенттерге өз бетінше танысу үшін дәріс материалын алдын ала ұсыну және ұзақ дәрістерді оқымау ұсынылады. Өткен материалды бағалау үшін профессор шағын тапсырмаларды студенттер тарапынан дәріс материалы туралы сауалнама немесе сұрақтар ретінде пайдалануды ұсынады; топта талқылау (синхронды бейнеконференцияға дейін немесе оның барысында); мәтіндік немесе аудио форматтағы қысқаша мазмұндама/ сын және т. б.

– Мұғалімдер әртүрлі тапсырмалардың қиындық дәрежесін ескеруі керек, өйткені бұл студенттердің күш-жігерін бөлуге әсер етеді. Мысалы, бүкіл курстың соңында бір көлемді тапсырманың орнына игерілген материалды бағалау үшін мұғалім курс кезінде үш-төрт тапсырма бере алады. Сонымен қатар, студенттер бағалау үшін қолданылатын өлшемдер туралы және бағалаудың өзіне – сапаға, яғни сабаққа белсенді қатысуға немесе қатысқан сабақтар санына не әсер ететінін нақты түсінуі керек. Мұның бәрін оқытушылар курстарды дайындауда бірден белгілеу керек, – деп атап өтті Д. Шаматов.

Студент онлайн білім беру кезінде оқу процесінің нақ ортасында болады, оқытушы өз кезегінде білім бермейді, бірақ оқушыға білімді алуға және меңгеруге көмектеседі. Сондықтан оқытушылар тапсырмалардың түрлеріне, орындалу уақыты мен шарттарына, сондай-ақ онлайн-оқытудағы өзара әрекеттесу түрлеріне ерекше назар аударуы керек. Мысалы, студенттің оқу материалдарымен өзіндік жұмысынан басқа, оқытушы студенттерді топтарға бөледі және қажет болған жағдайда топтық тапсырмалар бере алады.

Назарбаев Университетінде профессорлар мен оқытушыларға оқу мен оқытудың инновациялық тәсілдерін дамыту үшін түрлі ресурстар және оларды қолдау ұсынылатын Инновациялық оқу орталығы жұмыс істейтінін естеріңізге сала кетейік. Орталық мультимедиялық құралдарды курстарды әзірлеуде, оқытуда және бағалауда қолдануға көмектеседі. Сонымен қатар, НУ үнемі вебинарлар мен семинарлар өткізу арқылы өз тәжірибесімен бөліседі. Провост офисі сапаны қамтамасыз ету, инновациялар және институционалдық зерттеулер саласында семинарлар өткізеді. Университеттің инновациялық оқыту тәсілін ұстанатын жоғары оқу орындары НУ Инновациялық оқыту орталығымен байланыс жасай алады.