НУ-да жаңа подкаст іске қосылды

2021 жылдың 1 ақпанында Назарбаев Университеті қоғамдастығының мүшелері ұйымдастырған «NuclearPods» жаңа подкаст іске қосылды. Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы Дэниэл Пьюдің дебюттік эпизоды НУ тарихына арналды.

«Біздің қонақтарымыздың тарихы, пікірталастар және «NuclearPods» подкастында алған жаңа біліміміз арқылы біз өзіміздің НУ қоғамдастығын бір-бірімізге жақындатуға тырысамыз», – дейді Айман Хамитова, инновациялық оқыту жөніндегі аға менеджер және подкасттың бірлескен жүргізушісі.

Уоррен Рокко, НУ Дайындық мектебінің бас директорының орынбасары және подкасттың тең ұйымдастырушысы оның атауы туралы айтып берді:

«Подкаст үшін мен жаңа және ерекше назар аударатын атауды алғым келді. «NU» – бұл   университет атауының бас әріптері, ал ағылшын тіліндегі «clear» деген сөз «таза және ашық»  деген мағынаны білдіреді. Мен үшін академиялық емес ортада кәсіби түрде өскен академиялық емес ортаның өкілі ретінде қарапайым тілде сөйлесу және қарым-қатынас жасау, басқалардан алған нәрселерді үйрену өте маңызды».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, NuclearPods идеясы күрделі ұғымдарды жеңілдету және тыңдаушыларға академиялық сала туралы қарапайым түсініктер беру болып табылады. NuclearPods подкастына қосылыңыздар (Buzzsprout және Spotify-те қолжетімді).