НУ халықаралық ынтымақтастығы: «Ақылды тұрақты қалалар» дәрісі
“Ақылды қалалар” онлайн-дәрісі НУ мен Нидерланды елшілігінің ынтымақтастығы аясында сәуір айының басында өтті. НУ студенттері энергия тиімділігі бойынша аға ғылыми қызметкер, жаңартылатын энергия көздері бойынша оқытушы, Утрехт қаласындағы HU қолданбалы ғылымдар университетінің докторы Мартин Ритбергеннің баяндамасын тыңдауға мүмкіндік алды.
Дәрістің негізгі тақырыптары “ақылды тұрақты қалалар” тұжырымдамасына, олардың сипаттамаларына, қала аумақтарының проблемаларына, ынталандырушы стратегияларға және сын мәселелеріне қатысты болды.
Студенттер ақылды тұрақты қалалар тұжырымдамасының дамуына ықпал ететін факторлармен танысты. Сондай-ақ, оларға “ақылды тұрақты қалаларға” өтуге келтірілетін кедергілерді қалай жеңуге болатындығы туралы айтылды. Дәріс соңында қатысушылар Қазақстан мен Нұр-Сұлтан қаласының кейбір экологиялық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ақылды қалалар мен жаңартылатын энергия көздері саласында маманданған Назарбаев Университетінің профессорлары одан әрі ынтымақтастық үшін байланыс орнатуға мүмкіндік алды.