NU Step to PHD: Әлия Мұқанова, PHD in Science, Engineering and Technology бағдарламасының түлегі

NU Step to PhD айдарының келесі қонағы – Әлия Мұқанова, PHD in Science, Engineering and Technology бағдарламасының түлегі, НУ ИЦҒМ.  Әлия – Clarivate компаниясының «Ғылым көшбасшысы-2020» сыйлығының иегері. Web of Science мәліметі бойынша, Әлияның жариялаған мақалалары 2020 жылы әлемдегі ең көп сілтеме жасалған мақалалардың қатарына енді. Қазіргі уақытта Әлия  National Laboratory Astana, НУ-да аға ғылыми қызметкері және литий-ионды және натрий-ионды батареялар әзірлеу бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын екі жобаның жетекшісі болып жұмыс істейді.

 

Докторлық зерттеуіңіз туралы айтып беріңізші

Менің докторлық жұмысым микроаккумуляторларға арналған материалдарды әзірлеуге арналды. Қазіргі уақытта қуат көзін қажет ететін микроэлектроника, медициналық имплантацияланатын құрылғылар, сымсыз сенсорлар, карталардағы әртүрлі чиптер белсенді дамып келеді.

Мұндай микро қуат көздері, дәлірек айтқанда микроаккумуляторлар жаңа құрылғылардың энергетикалық қажеттіліктеріне cәйкес болу үшін, көп қуат бере алатын, неғұрлым тұрақты және берік жетілдірілген материалдарды жасау қажет. Менің жұмысымның ерекшелігі – зерттеулер қалыңдығы бірнеше ондаған нанометр болатын жұқа пленкалар түріндегі материалдарда жүргізілуінде. Жұмыс барысында біз 500-ге жуық циклді жақсы сыйымдылықпен тұрақты жұмыс істейтін, жұқа пленкалы анодты материалды алдық. Нәтижелер шетелдік журналдарда жарияланды және патенттелді.

 

Сіздің жұмысыңыздың қолданбалы мәні неде?

Қолданбалы мәні – бұл әзірленген әдістер мен материалдарды бастапқы мақсатта микроаккумуляторларда да, сол сияқты материалдар қолданылатын аралас салаларда да қолдануға болатындығында. Жетілдірілген материалдар өздері қолданылатын технологиялардың дамуына әкеледі, ал жетілдірілген технологиялар қарапайым адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады. Сонымен қатар, материалдардың сипаттары жөнінде жаңа деректер алынды, бұл жалпы материалтану ғылымы үшін де өте маңызды.

 

Диссертацияңыздағы жұмыс процесі туралы не айта аласыз?

Менің жағдайымда, диссертациялық жұмысты орындау және жазу жоспарланған үш жылдың орнына, ұзақ бес жылға созылды. Бастапқыда таңдалған диссертация тақырыбы мен үшін күрделі болды. Біріншіден, бұл зерттеуде химия мен электрохимия өте көп, ал мен ядролық салаға бейім физикпін.  Екіншіден, “микроаккумуляторлар” тақырыбының өзі мүлдем жаңа болды және біздің топта мұндай материалдармен жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар ешкімде болған жоқ. Біз сынақтар мен қателіктер әдісімен жұмыс жасадық, әрине бұл әдіс кез келген эксперименттік жұмысқа лайық болып келеді.

Диссертация жетекшісі, профессор Жұмабай Бекболатұлы Бәкеновпен жолым болды және менің келгеніме дейін оның зертханасында менің зерттеуіме қажетті барлық жабдықтар болды.

 

Алдағы жоспарларыңыз туралы айтып берсеңізші

Менің диссертация қорғауымнан бері екі жылдан астам уақыт өтті. Қазіргі уақытта мен Astana National Laboratory ЖМ аға ғылыми қызметкерімін, ҚР БҒМ-ның екі жобасының жетекшісімін, сондай-ақ профессор Ж.Бәкенов басқарған жаңа бағдарламаның бірлескен жетекшісімін. Маған айналысатын жұмысым ұнайды, сондықтан мен болашақта өзімді ғалым, сондай-ақ профессор ретінде көремін.  Басты себеп – жинақталған білімімді басқаларға беруге және Қазақстанның болашақ ұрпағының білім алуына өз үлесімді қосуды жалғастыру.

 

Болашақ докторанттарға не тілейсіз?

Мен болашақ докторанттарға ғылыми жұмыстарында батыл, бастамашыл болуды және кейде тәуекелге бел буа білуді тілеймін.