НУ студенттері Американың химиялық қоғамдастығының грантын жеңіп алды
НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі химия кафедрасының студенттері Американың химиялық қоғамдастығы грантының иегерлері атанды.
“Конкурс жылына бір рет Американың химиялық қоғамдастығымен үлестес шетелдегі студенттер өкілдіктері арасында өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді ресми ACS студенттер қоғамдастығы бар кез келген елдер бере алады. Биыл конкурсқа әлемнің әр елінен 30-дан астам өтінім келіп түсті. Конкурсқа қатысуға берілген өтінімдердің арасынан ең қызықты өтінімдер іріктеліп алынды, олардың ішінде қортындысында 3000 АҚШ доллары мөлшеріндегі гранттың барынша үлкен сомасын иеленген NU ACS Student Chapter студенттерінің жобасы болды”, – деп атап көрсетті жобаның жетекшісі профессор Тимур Атабаев.
Осы конкурс шеңберінде ең үлкен грантты НУ студенттері қатарынан екінші жыл алып отырғанын атап көрсету керек.
Грант шеңберінде алынған қаражат Назарбаев Университетінде жазғы кезеңде өткізу жоспарланып отырған аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған жазғы химия мектебін өткізу үшін пайдаланылатын болады.