NU түлегі әлемдегі ең ақылды адамдар тізімінде
NU SEDS түлегі Алдияр Семедьяров әлемдегі IQ деңгейі жоғары адамдарды біріктіретін “Менса” халықаралық қауымдастығының мүшесі болды. Оның интеллект коэффициенті Жер тұрғындарының 99% -ынан асып түсті. “Алғашқы күндері мен бұған сене алмадым. Кейін “Менса” өз желісінде маған аккаунт ашып, мүшелік картасын жібергеннен кейін ғана қуанышым сезіле бастады”, – деп бөлісті болашақ инженер. Толық сұхбатты Tengrinews сайтынан оқи аласыз.