НУ жасыл бастамалары және экологиялық жауапкершілігі
Назарбаев Университеті құрылған сәттен бастап жасыл технологияларды дамытуға бағыт алды. Университет қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және экологиялық күн тәртібін насихаттайды. НУ елімізде алғаш рет Green Campus бастамасын жасады, оның аясында қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын, сонымен қатар болашағы зор және белсенді студенттер, қызметкерлер, әріптестер және жай ғана “экологиялық ойлайтын” астана тұрғындары жиналады.
Бұл бастаманың негізін салушы Green Campus офисінің қызметкерлері, 60-тан астам студенті бар NU Green Society студенттік қоғамдастығы және университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері кіретін Green Campus комитеті. Үш жылдан астам уақыт бойы НУ қоғамдастығының қызметкерлері мен студенттері университеттік қоғамдастық мүшелерінің қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселесінде және ең бастысы – университеттің тұрақты дамуының қажеттілігі туралы түсінігін арттыру және таныту үшін барлық шараларды өткізеді. Бұл ұғым өз қызметінің барлық аспектілерінде, яғни оқыту, зерттеу немесе жедел қызмет болсын, қоршаған ортаға теріс экологиялық әсерді ескеру және мүмкіндігінше азайту ұмтылысын қамтиды.
Университеттің жасыл бастамаларының жарқын мысалы – жыл сайын университет кампусында NU Green Society студенттер қоғамдастығы өткізетін НУ жасыл апталығы (NU Green week). 7 күн бойы бүкіл университет ерекше сезімге – табиғатқа деген сүйіспеншілік сезіміне бөлінеді. Күн сайын университет кампусында қоқыстарды сұрыптау және қолданылмайтын киімдер мен заттардан пайдалы бұйымдар жасау бойынша мастер-класстар, вегатариандық жәрмеңкелер; экологиялық апаттар бойынша фото көрмелер, пікірталастар және жанды театр қойылымдары; қалалық фермерлік жөніндегі дәрістер мен семинарлар, флорариімдар және т.с.с. өткізіледі. Жасыл аптаның дәстүрлі қорытынды іс-шаралары қала саябақтары бойынша студенттердің бір мезгілде қоқыстарды жинаумен (плоггинг) жүгірулері және Бурабай көліне абру болып табылады, онда студент-еріктілер күн бойы көлдің айналасындағы қоқыстарды жинайды, оны сұрыптайды және қалаға келгеннен кейін оны қайта өңдеуге тапсырады.
Егер Жасыл апта табиғат пен ресурстарға деген қамқорлықты насихаттауға бағытталған болса, Green Campus офисінің қызметкерлері үйлестіретін және Chevron компаниясы демеушілік ететін Sustainable living Lab (SLL) бағдарламасы өмірге жасыл технологияларды енгізуге және қоғамға пайда әкелетін жасыл стартаптарды құруға бағытталған. Осы бағдарламаның арқасында тек 2019 жылы конкурстық негізде іріктелген 10 команда грант алды және университет аумағында жобаларды жүзеге асыру және сынау мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар командасының құрамына университеттің профессорлары, студенттері, қызметкерлері мен ғалымдары кірді, бұл өз кезегінде жасыл технологияларды құру, сондай-ақ тәжірибе және білім алмасу саласында жемісті ынтымақтастық жасауға мүмкіндік берді.
SLL бағдарламасы аясында бүгінгі таңда биодизельді отынды синтездеу, университеттің оранжереясын синтездеу, органикалық қалдықтарды компостирлеу, қарды кәдеге жарату, пластикті қайта өңдеу, ауа сапасын өлшеу және басқа да жобалар іске асырылуда.
Биылғы жылы SLL бағдарламасы Тұрақты даму бойынша академиялық курстарды әзірлеу мақсатында НУ профессорлары үшін қосымша грант бөлді, олар студенттерге табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудың, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық өзара тәуелділіктің маңыздылығы жайлы білім мен түсінік беруге бағытталуы тиіс. Академиялық курстардан басқа, қызметкерлер мен студенттер үшін, сондай-ақ, саналы тұтыну ұстанымдары және жер ресурстарын пайдаланудың экологиялық тәсілдері тақырыбына жалпы білім беретін дәрістер мен тренингтер өткізіледі.
SLL бағдарламасынан басқа, Green Campus офисі “EIT Climate-KIC” Еуропалық акселерациялық бағдарламасымен бірге үш жыл бойы барлық қалаушылар үшін Climate Launchpad (CLP) жасыл бизнес-идеялар байқауын өткізеді. Тек өткен 2019 жылы ғана бүкіл Қазақсттанна 80-нен астам өтінім берілген болатын, Олардың арасынан өз идеяларын шыңдауға, бизнес-жоспарларды әзірлеуге және өз жобаларын CLP жаттықтырушыларының, сондай-ақ НУ профессорлары мен сарапшыларының қатысуымен университетте ұйымдастырылған жаттығу сессияларында дұрыс таныстыруға мүмкіндік алған 12 жоба іріктеліп алынды. Нәтижесінде ұлттық финалда 3 финалист команда Амстердам, Нидерландыда өткен байқаудың Гранд финалына шықты. Біздің тарихымызда және осы халықаралық байқаудың тарихында алғаш рет әлемнің 130 елінен келген командар арасында Қазақстан командасы 6 номинация бойынша жеңімпаз атанды және жобаны іске асыру үшін 5000 еуро көлемінде қаржыландыруға ие болды. Сондай-ақ, бұл жобаны Германия үкіметінің өкілдері де атап өтті, олар жастарды Germany KIKK Festival-ға қатысуға шақырды!
Университетте аталған бастамалардан басқа қалдықтардың 6 түрі: қағаз, пластик, шыны, металл, батарейкалар және LED шамдар тұрақты түрде сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберіледі. Жақын арада кампуста органикалық қалдықтарды қайта өңдеуді іске қосу жоспарлануда.
Кампусты көгалдандыруға да көп көңіл бөлінеді. Соңғы екі жылда 800-ге жуық ағаш отырғызылды, оның бір бөлігі университет қауымдастығы сұрыптайтын макулатура жинау нәтижесінде жиналған қаражат есебінен сатып алынды, ал бір бөлігін демеушілер университетке сыйға тартты.
Ең маңыздысы, университетте өткізілетін барлық жасыл бастамалар неге шақырады – бұл адам және оның кез келген қызметі қандай да бір экологиялық ізге ие және бұл ізді жасыл болатындай етіп жасау – тек қана біздің қолымызда.