Пандемияға қарсы күресте Назарбаев Университеті қоғамдастығы қабылдайтын шаралар бойынша жаңарту

НУ қоғамдастығы бұрын болмаған зұлым вирустың елімізде таралуының басынан бастап оған қарсы күреске белсенді түрде тартылды, оқытушылардың тәжірибесін, кампус инфрақұрылымын, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және басшылықтың қолдауын пайдалана отырып, пандемиямен күреске өз үлесін қосуға тырысты.

Кампуста және одан тыс жерлерде тұратын студенттердің, ОПҚ және НУ қызметкерлерінің денсаулығы, қауіпсіздігі және әл-ауқаты университет үшін маңызды. Қазіргі уақытта кампус аумағында 1000-нан астам адам тұрады және университет студенттер, оқытушы-профессорлар  құрамының өкілдері мен НУ қызметкерлері отбасыларымен тұратын университеттің кампусында аурудың таралуын тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды, бұл, әрине, университеттің тұрғын үй-жайларын коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу орындарына айналдыруға мүмкіндік бермейді. 

Барлық НУ қоғамдастығы Қазақстанда аурудың таралуымен күресуден тыс қалған емес. Төменде пандемиямен күресте НУ қоғамдастығы жүзеге асыратын әлеуметтік және ғылыми бастамалар туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Әлеуметтік көмек және қолдау

Назарбаев Университеті қоғамдастығының COVID-19 ынтымақтастық бастамасы

Назарбаев Университеті қоғамдастығының COVID-19 бойынша ынтымақтастық бастамасы – бұл қазақстандықтармен ынтымақтастық ретінде пандемиямен күресте әртүрлі тәсілдермен көмектесуге ұмтылатын Назарбаев Университетінің қызметкерлері мен оқытушыларының қолдауымен құрылған жоба.

Назарбаев Университеті қоғамдастығының COVID-19 ынтымақтастық бастамасы медицина қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдау үшін өз қаражатын жинайды. Жиналған қаражат еліміздің түрлі өңірлерінде медициналық мекемелерге қажетті көмек көрсету үшін бөлінеді. Бүгінгі таңда 146000 медициналық маскалар, 150 пластикалық қорғаныш экрандары, 5 пневматикалық спрей, 100 байланыссыз термометр, 1000 FFP2 респираторы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларындағы ауруханаларға арналған 1,600 қорғаныш костюмдері сатып алынды. Сондай-ақ, 135 әлеуметтік осал отбасыларға азық-түлік жиынтығын ұсыну көмегі көрсетілді, Нұр-Сұлтан қаласындағы КВИ бойынша стационарлардың медицина қызметкерлеріне түскі ас берілуде

Осы бастамадан басқа, пандемия жағдайында да НУ студенттері мен түлектері қауіп-қатерге қарамастан, медицина қызметкерлеріне еріктілер ретінде жеке қорғаныш құралдарымен және азық-түлікпен қамтамасыз етуде белсенді түрде көмектеседі. Назарбаев Университетінің, сондай-ақ Қордың жүздеген түлектерінің жарнасының арқасында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында әлеуметтік осал топтардан шыққан жүздеген отбасына көмек көрсетілді.

Онкологиялық аурулары бар балаларды емдеу

“University Medical Center” корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы пандемия кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық сақтық шараларын барынша күшейте отырып, қатерлі ісіктері бар балалардың болуын қауіпсіздендіру мақсатында жұмыс процесін коронавирус инфекциясынан туындаған жаңа жағдайларға ауыстырды. Онкологиялық аурулармен ауыратын,  COVID-19-ға ПТР тесті оң болған балалар үшін оқшауланған аймақта 10 провизорлық төсек ұйымдастырылды. Пандемия басталғаннан бері, атап айтқанда 2020 жылдың наурызынан бастап орталық онкологиялық аурулармен ауыратын 600-ден астам балаға көмек көрсетті, сүйек кемігін ауыстырып салу бойынша 15 операция жасады.

Коронавирустық инфекция мәселелері бойынша дәрігерлерге ақпараттық қолдау көрсету.

Қоғамда ғылыми және практикалық ақпараттың жетіспеушілігі жағдайында дәрігерлерді ақпараттық қолдау мақсатында, НУ студенттері мен түлектерімен, тәжірибелі дәрігерлермен, докторанттармен, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттерімен, аудармашылармен (барлығы – 90 адам) ынтымақтастықта жеделхат-арна іске қосылды. https://t.me/medsupportkz.  Жоба ең алдымен COVID-19 бар пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлерді өзекті ғылыми жарияланымдар, жаңа деректер, ғылыми мақалалар мен шолулар туралы ақпараттандыруға бағытталған. Жобаны іске қосу өзін-өзі емдеуге немесе жалған хаттамалар мен “ұсынымдар”негізінде емдеуге байланысты шұғыл көмекке мұқтаж асқынулары бар пациенттердің қоғамда едәуір көбеюіне байланысты. Бүгінгі күні арнаға 5000-нан астам адам жазылды, олардың жартысына жуығын әртүрлі елдерде вирусты емдеу хаттамаларымен және басқа да маңызды ақпаратпен арнада орналастырылған зерттеулердің аудармасымен күнделікті танысуға мүмкіндігі бар тәжірибелі дәрігерлер құрайды.

 Бетке арналған қорғаныш маскалар

3D принтердің көмегімен, Machine shop әзірлеушілері пластикалық қорғаныш қалқандарын басып шығаруды ретке келтірді, олар көздің шырышты қабығын, тыныс алу жолдарын және бетті биологиялық және химиялық заттардың тікелей тамшылары мен шашырауынан, шаң мен механикалық бөлшектерден қорғайды. Қорғаныш экрандарының бірнеше партиясы еліміздің бірқатар медициналық мекемелеріне тегін берілді.

 Назарбаев Университетінің әлеуметтік даму қорының (бұдан әрі – Қор) бастамалары

Төтенше жағдай кезеңінде Қор коронавирустық инфекциямен күреске тартылған медициналық университеттің ерікті-студенттеріне төлем түрінде қаржылай қолдау көрсетті. Ұлттық еріктілер желісімен әріптестікте Қор медбикелердің, санитарлардың, фельдшерлердің, оның ішінде Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының, Павлодар, Көкшетау, Шымкент, Теміртау қалаларының көп балалы отбасыларының балаларына 100 компьютер берді.

 Ғылыми жобалар мен зерттеулер

“Стоп-коронавирус” конкурсына қатысу

“Ғылым қоры” АҚ өткізген “Стоп-коронавирус” онлайн-конкурсының нәтижесі бойынша проф.Зинетулла Инсеповтың “Қазақстандық диатомитті қолдану арқылы респираторлық маскалар өндірісі” және “Табиғи минерал диатомит негізінде микробқа қарсы және вирусқа қарсы әсері бар дезинфекциялаушы композиция” бойынша жобалық тобының өтінімдері қазылар алқасының ең жоғары бағасын алды. Пандемиямен күресуден басқа, отандық тауарлар нарығын дамытуға және елдің диатомит саласын дамытуға ықпал ететін осы жобалар бойынша өтінімдер Үкіметке жіберілді.

 COVID-19-пен ауырып жазылған науқастардың ДНҚ талдауы

Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana ғалымдары коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастардың ДНК-ын зерттеуді жоспарлап отыр. Алғашқы материалымен барлық жұмыстар жұқтырылған материалмен жұмыс істеуге рұқсат етілген зертханалар базасында жүргізіледі. Бұдан басқа, Қазақстанның барлық өңірлерінде негізгі созылмалы аурулардың шынайы таралуын және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының COVID-19 пандемиясы жағдайында жұмыс істеуге дайындығын бағалау үшін эпидемиологиялық зерттеу жоспарланған. Жоспарланған зерттеуде осы инфекцияға ұжымдық иммунитетті қалыптастыру туралы сұраққа жауап беру үшін SARS-CoV-2 антиденелері де анықталады.

Инновациялық оқу орталығы

Орталықтың негізгі мақсаты – жоғары сапалы мультимедиалық білім беру контентін әзірлеу кезінде оқытушыларды қолдау. НУ оқытушылары кең аудиторияға пайдалы болуы мүмкін контент жасайды. Олар тек НУ-дың  студенттерімен ғана өз білімдерін бөлісетіндіктен басқа, онлайн-курстарды жазып, YouTube арналарында бейнелерді жариялайды, сондай-ақ тұрақты негізде барлық ниет білдірушілер үшін тегін вебинарлар өткізеді.

Жұмыс жалғасуда

Қатаң карантиндік шаралар мен қауіпсіздікке қойылатын талаптарды сақтай отырып, Назарбаев Университетінің ғалымдары вируспен күрес бойынша тиімді шешімдерді іздеуде қарқынды жұмыс істеуді жалғастыруда. НУ басшылығы, өз кезегінде, күтпеген мән-жайлар жағдайына бірқатар ықтимал сценарийлерді жоспарлайды және вирустың таралуына жол бермеу және тиімді академиялық және ғылыми қызметке жағдай жасау үшін шешуші шаралар қабылдайды.

Коронавирустың таралуына қарсы күресте Назарбаев Университеті қабылдаған қосымша шаралар бойынша жаңартуларды сіздер НУ сайты және әлеуметтік желілері арқылы біле аласыздар.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!