NU4U жобасы: НУ түлектерінің кәсіби мамандармен кездесулері
НУ түлектерінің қауымдастығы – 2016 жылы бастамашыл түлектер тобымен құрылған қоғамдық бірлестік. Ал 2018 жылдың қараша айында қауымдастық «NU Alumni» қоғамдық бірлестігі ретінде тіркелді. Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуі және өзара тиімді ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынастарды дамыту үшін түлектердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін біріктіру бірлестіктің басты басымдықтары болып табылады. Сонымен, 2020 жылы «NU Alumni» Университеттің мұқтаж студенттеріне қосымша стипендия тағайындады. Сонымен қатар, НУ түлектері еріктілік негізде оқушыларға «E-Tutor» әлеуметтік жобасы шеңберінде оқуға көмектеседі. Ал 2020 жылдың желтоқсанында НУ түлектері жаңа жобаны бастады.
«Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының қолдауымен біз Түлектер қауымдастығының «NU4U» жаңа жобасын іске қостық. Бұл бизнес өкілдерінен бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейінгі әр түрлі деңгейдегі кәсіпқойлармен өткізілетін сұхбаттар сериясы. Осындай бейресми кездесулер аясында қонақтар өз өмірлері, білімі, кәсіби тәжірибесі туралы айтып, қандай қиындықтармен кездескендері және табысты мансапты қалай құру туралы өздерінің кеңестерімен бөліседі», – дейді 2017 жылғы НУ түлегі және жобаның модераторы Әділ Құсманов.
Жобаның алғашқы қонағы McKinsey&Company компаниясының қазақстандық офисінің серіктесі Дулатбек Икбаев болды. Ол ең беделді халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі болып саналатын компаниядағы өзінің жұмысы туралы айтып берді, McKinsey-де іріктеу кезеңдерінен өту бойынша кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, Дулатбек НУ түлектерімен консалтинг саласындағы жаңа трендтер, soft skills-тің маңыздылығы туралы әңгімелеп, табысты мансап құру бойынша лайфхактармен бөлісті.
«2020 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов жобаның қонағы болды. Тимур Мұратұлы мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі, консалтинг және аудит саласындағы жұмыс тәжірибесі, Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес, жастарға арналған әлеуметтік жобалар және басқа да өзекті мәселелер туралы айтып берді. Сонымен қатар, біз Мемлекет басшысының жанындағы жұмыс туралы қызықты деректерді білдік», – дейді Әділ Құсманов.
«NU4U» жобасы кездесулерінің жаңа форматы аясында түлектер Q&A сессиясында өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алады. Іс-шаралардың бейне нұсқалары nu Alumni YouTube арнасында жарияланады (youtube.com/c/nualumni).