NUSOM “Стандартталған пациент” бағдарламасына қатысушыларды қабылдауды жариялайды

NUSOM “Стандартталған пациент” жобасына қатысу үшін еріктілерді қабылдайды. Жоба болашақ дәрігерлер мен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін тереңірек білім беруге жәрдемдеседі. Стандартталған пациент дегеніміз не? Стандартталған пациенттер (СП) – бұл нақты пациенттер сияқты әрекет етуге және ден қоюға үйретілген адамдар. Стандартталған пациенттердің (СП) білімі әртүрлі – медициналық және / немесе актерлік тәжірибе қажет емес.

NUSOM жобаға қатысу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары еріктілерді іздейді, олар өздерінің ойдан шығарылған ауру тарихымен байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, шынайы әрекет ететін болады, негізгі және кеңейтілген медициналық тексеруден өтіп, модельденген тәжірибе аясында медициналық бригаданың басқа мүшелері ретінде немесе пациенттің отбасы мүшесі ретінде әрекет ете алады, белгілі бір аурулардың симптомдарын көрсете алады, сондай-ақ Қазақстанда медициналық кәсіптердің дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын түсінеді.

NUSOM-да пациенттерге арналған стандартталған бағдарлама НУ студенттеріне қауіпсіз әрі біліммен жұмыс жасап қана қоймай, сонымен қатар  қоғамның игілігі үшін жақсы нәтижелерді қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылатын, болашақтағы медициналық қызметке жақсы дайындалу үшін пациенттермен эмоционалдық өзара қарым-қатынас жасау, сұхбаттасу әдістері, физикалық тексеру сияқты дағдыларды меңгеру тәжірибесін үйренуге мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу ақылы, бірақ шектеулер бар. Толығырақ ақпарат мына жерде.