“Пайдалы қазбалар мен элементтерге сұраныс артып келеді”
Біздің Galym-Galam айдарының келесі қонағы – Нассер Мадани, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің ассистент профессоры. Профессор Мадани өзінің сұхбатында Қазақстанға неге келгені туралы және неге электр карлармен жаппай әуестену – тау-кен өндіру индустриясының болашағы үшін жақсы белгі екенін әңгімелейді.
Профессор Мадани, қазіргі зерттеулеріңіз туралы айтып беріңізші? Сіз бізбен қандай да бір негізгі жетістіктеріңізбен бөлісе аласыз ба?
Менің зерттеу салам – геостатистика және минералды ресурстарды бағалау. Қарапайым тілмен айтқанда, мен кен орындарын 3D модельдеуге маманданғанмын. Осыған байланысты мен Назарбаев Университеті, KATCO Француз-Қазақстан компаниясы, Eurasian Resources Group (ERG), ERG зерттеулер мен әзірлемелер орталығы және білім, зерттеулер мен инновациялар жөніндегі Швейцария мемлекеттік хатшылығы қаржыландыратын бірнеше зерттеу жобаларына қатыстым. Осы жобалар аясында біз ресурстардың кен орындарын дәлірек бағалау үшін көптеген алгоритмдер мен әдістемелерді жасадық, олардың бір бөлігі беделді рецензияланған журналдарда жарияланды, ал бір бөлігі қазір қарастырылуда. Сонымен қатар, біз MATLAB және Python-да жазылған бірнеше бағдарламаны жасадық. Олардың кейбіреулері GitHub сияқты, ақысыз веб-сайттарда жалпыға қолжетімді.
Салада практикалық қолданыс тапқан жобаларыңыз туралы айтып беріңізші?
Менің зерттеулерімнің бір бөлігі практикалық өнеркәсіптік қолданысқа ие екені сөзсіз. Мысалы, біз Қазақстандағы бір көмір кен орнындағы темір құрамын бағалау үшін заманауи геостатистикалық әдісті қолдандық. Ол үшін біз темір құрамына қатысты сапалы көмір кен орындары бар шахтадағы учаскені анықтадық. Менің тағы бір зерттеуім Қазақстанның оңтүстігіндегі уран шөгінділерін үздік модельдеуге арналған геостатистикалық құралдар мен әдістерді әзірлеуге бағытталған. Бұл кен орындарының крест тәрізді формасы үш өлшемді кеңістіктік модельдеу үшін озық технологияларды қолдануды қажет етеді.
Неліктен талапкерлерге Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебіне түсуге кеңес бересіз? Тау-кен өндіру саласын дамытудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективалары қандай?
Қазақстан минералдар мен элементтерге өте бай, бұл ретте көптеген кен орындары әлі де ашылған жоқ. Бір кездері жергілікті кадрлардың болмауы осы секторға шетелдік тау-кен саласы инженерлерін жалдауға әкелген. Қазақстанның тау-кен өндіруші компанияларына шын мәнінде елдің дамуына елеулі үлес қоса алатын, білікті тау-кен саласы инженерлері көбірек қажет. Мен тау-кен ісінің болашағы туралы өте қарапайым мысал келтіре аламын. Ол үшін Tesla сияқты, электромобильдердің дамуын қарастырайық. Қарапайым статистика 2025 жылға қарай Еуропадағы барлық автомобильдер электромобильдерге ауыстырылады деп болжайды, бұл үшін оларға енді бензин қажет болмауы мүмкін. Шын мәнінде, электромобильдер литий мен хром батареяларымен жұмыс істейді. Электромобильдердің танымалдығы артып, литий мен хромға сұраныс көбейіп келеді. Бұл бізге литий мен хромның жаңа кен орындары мен шахталарын іздеу керек дегенді білдіреді. Бұл қарапайым мысалды басқа салаларға да келтіруге болады, барлығы пайдалы қазбалар мен элементтерге деген сұраныс артып келеді, яғни тау-кен саласы одан әрі дамиды дегенді білдіреді.
Неліктен сіз НУ-ға қосылуға бел будыңыз?
Біріншіден, НУ Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі тым жас. Мен НУ-ға жұмысқа келгенде, мектеп деканы доктор Эркан Топал болды. Ол әлемде тау-кен өндірісі саласында және академиялық ортада үлкен беделге ие. Мен оның есімін сайтта көргенде, оның осында жұмыс істейтінін білгеніме қуандым. Сонымен қатар, мен Қазақстанның жаңа технологияларды енгізуге және жас мамандарды даярлауға өте мұқият қарайтынын көріп отырмын және НУ бұған жақсы үлгі болады. Мұның бәрі маған Қазақстанға көшу туралы шешім қабылдауға көмектесті.