PopSci, 5 шығарылым: Cіз жерді қазған кезде де кофеңізді іше аласыз!

«PopSci» жобасының бесінші шығарылымының басты қонақтары, ЖӘГҒМ-нің профессорлары Насер Мадани мен с Коффи Адоко, тау-кен өндірісіне қатысты ойландыратын сұрақтарға жауап беруге тырысады: пайдалы қазбаларды зерттеу үшін жануарларды қолдануға бола ма? Құрлықтар козғалады ма? Тау-кен ісіне қанша уақыт болды?

«PopSci» бағдарламасының бесінші бөлімінде ЖӘГҒМ профессорлары Насер Мадани мен Амуссу Коффи Адоко тау-кен өндірісі лас жұмыс деген стереотипті жоққа шығарады. «Көптеген адамдар тау-кен өндірісін лас жұмыс деп ойлайды. Мүмкін бұл ұзақ уақыт бұрын рас болған шығар. Бірақ білім мен технология дамуының арқасында мен кеңседе отырып, кофемді ішіп, Жерді қашықтықтан қаза аламын», – деп түсіндірді ЖӘГҒМ профессоры Насер Мадана.

Ассистент профессорлар болашақ студенттерді НУ-дың Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебіне қосылуға шақырады және тау-кен инженерлерінің келешегі зор болатынына сенеді, өйткені тау-кен қызметі ешқашан жойылмайды!

«Тау-кен инженерлерінің Қазақстанда немесе әлемнің кез-келген жерінде жұмыс істеу және жұмысқа орналасу тұрғысынан келешегі зор», – дейді ЖӘГҒМ профессоры Коффи Адоко.

Осы қызықты әңгімені тыңдау үшін NU YouTube-арнасындағы бесінші бөлімінe қосылыңыз! Бізбен бірге әлемді танудың осы керемет мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!