Профессор Пейман Пурафшари мен Технопарк резидентінің жобасы НУ Коммерцияландыру офисінің грантын жеңіп алды
«Қала аумағындағы жерасты коммуникацияларының 3D картасын жасау» жобасы – “KazAeroSpace” технопаркінің резиденті және Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры Пейман Пурафшаридің бірлесіп әзірлеуі, НУ Коммерцияландыру офисінің грантын жеңіп алды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл жоба қалалық инфрақұрылымның басты мәселелерінің бірі – жерасты желілерінің нақты орналасуының белгісіздігін шешуге мүмкіндік береді. 3D-картаның болуы георадар, трасса іздегіш және ЖНСЖ жабдықтарын пайдалана отырып, барлық желілерді түгендеуге мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл жоғары технологиялық қалаларды салу бағытындағы тағы бір қадам.
“Жаңа жоғары технологиялық қалаларды дамыту түрлі жерасты коммуникацияларын салуды талап етеді. Осы инженерлік желілердің орналасуы туралы көбірек білу қауіпті құрылыс жұмыстарының қаупін азайтады. Біздің команда жерүсті радиолокациялық анықтау әдістерін қолдана отырып, жерасты коммуникациясының үш өлшемді карталарын құрудың жаңа тәсілдерімен жұмыс істеуде“, – дейді Пейман Пурафшари, Тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры.
Бұл жоба инновациялық болып табылады, өйткені әлі күнге дейін жерасты коммуникацияларының проблемалары тіпті белгілі учаскелерде шешілмеген. Қазіргі уақытта Қазақстан патенттерінің деректер базасында осы карта мен әдістеменің аналогтары жоқ.