Провостан жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау

НУ Провосты, профессор Илесанми Адесида университет қоғамдастығын жаңа оқу жылымен құттықтады. Провост өз сөзінде күзгі семестрдің басталу жағдайына қарамастан, биылғы жыл баршаға жемісті де жағымды болатынына сенім білдірді.

Назарбаев Университетінің Провосты, профессор Илесанми Адесида:

“Мен біздің қоғамдастықтың жаңа мүшелерін қарсы алуға шын жүректен қуаныштымын. Күзгі семестр, – біз оны 2020 жылдың басында күткендей басталмаса да, ортақ болашағымызды құру үшін біз тағы да бірге болатынымызға дән ризамын”.