Жыл сайынғы Кәсіби бағдарлаушылар семинарына тіркелу ашылды

Назарбаев Университеті кәсіби бағдарлаушыларды, осы бағытқа жауапты мектеп және білім беру басқармалары қызметкерлерін, білім беру орталықтары өкілдерін және басқа да қызығушылық танытқандарды жыл сайын өткізілетін Кәсіби бағдарлаушылар семинарына шақырады.

Ағымдағы жылы Назарбаев Университеті VII кәсіби бағдарлаушылар семинарын өткізгелі отыр. Семинар тақырыбы: «Тұрақсыздық, белгісіздік, күрделілік және беймәлімдік (VUCA) жағдайында оқуға түсу». Семинар 2020 жылдың 27-28 қыркүйегінде алғаш рет Zoom платформасында онлайн форматта өткізіледі.

Бұл семинар қатысушыларға Назарбаев Университетіне оқуға түсу шарттарындағы өзгерістер туралы соңғы ақпарат алуға, қызықты тақырыптарды қозғайтын спикерлерді тыңдауға және кәсіби бағдарлау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ Қазақстанның түпкір-түпкірінен келетін басқа қатысушылармен өзара тәжірибе алмасып, іскери байланыс нығайтуға мүмкіндік береді. 

Семинардың жұмыс тілдері: орыс және қазақ тілдері. Семинарға қатысу тегін. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Семинарға тіркелу үшін мына сілтемені пайдаланыңыз.