USM: НУ қауымдастығының жайлылығы мен қауіпсіздігі – біздің жұмысымыз

Бүгін бізге сұқбат беруші – «University Service Management» ЖМ бас директоры – Сергей Жумагалиевич Есенов Ол бізге «USM» ЖМ-нің жұмысы және университеттің дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді, сондай-ақ жоспарлар мен алдағы жобалары жайлы ақпаратпен бөлісті.

USM қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып беріңізші. Кампуста жұмысты ұйымдастыруда алдымен не маңызды?

«University Service Management» жеке мекемесі Назарбаев Университетінің еншілес ұйымы ретінде 2010 жылғы тамызда құрылды. Оның басты мақсаты – Университет пен оның ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету және қызмет көрсету. Сонымен қатар, USM 2014 жылдан бастап бірқатар қызметтер, сонымен қоса, медициналық клиникаларға (университет ұйымдары) қызметтер көрсетуде. Бұл инфрақұрылымды ұстау жұмыстар бойынша, медициналық ұйымдардың үй-жайларын тиімді басқаруды ұйымдастыру бойынша инженерлік-техникалық қызмет көрсету.

Жалпы, біздің жұмысымыз – Университеттің академиялық, ғылыми, әкімшілік және медициналық кешендерінің инфрақұрылымын басқару, Университеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Ол үшін біз техникалық қызметтермен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Біздің ортақ жұмысымыз Университеттің ғылыми-академиялық қызметін дамытуға, Университет және оның ұйымдарындағы қызметкерлердің, студенттері мен оқытушыларының қолайлы жұмыс істеуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Біз ғимараттар мен үй-жайлардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық жүйелердің дұрыс жұмыс істеуіне бақылау жүргіземіз, Университет аумағында және үй-жайларда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеміз, ақауларды жоямыз. Күн сайын біздің USM Service Desk диспетчерлеріміз ондаған өтінім қабылдайды және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды.

Сонымен қатар, біз жұмыс, сабақ және басқа да іс-шаралар үшін қажет нәрсенің бәрін ұсына отырып, қызметкерлердің жұмыс орнының жабдықталуына жауап береміз, Кампус резиденттеріміз үшін қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік және көшіру қызметтері – USM жұмысының тағы бір маңызды бөлігі.

Біздің қарауымызда тағы да Университеттің сервистік инфрақұрылымы бар. Тұрғын емес орынжайларды коммерцияландыру үшін оларды жалға береміз, осылайша Университет қауымдастығын барлық қажетті қызметтер және тауарлармен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ кампуста дүкендер, кафелер, асханалар, кофеханалар, дәріханалар, сұлулық салондары, кір жуатын орындар, спорт орталығы, спорт залы, балалар бөлмесі мен шеберханалар бар.

Кампуста экологиялық қауіпсіз материалдар мен өнімдерде «жасыл» технологияларды пайдалануға назар аударыла ма? 

Назарбаев Университеті құрылған сәттен бастап, «жасыл» технологияларды дамытуға бағыт алды. Сондықтан, біз өз жұмысымызда бұған ерекше назар аударамыз.

«Green Campus» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2016 жылдан бастап «Назарбаев Университеті» аумағында және «UMC» КҚ клиникаларында макулатура, пластик, шыны және батарея түрлері бойынша қалдықтарды бөлек жинау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, тек 2019 жылдың өзінде қауымдастық күшімен 14,5 тоннадан астам макулатура, 1,3 тонна пластик, 1 тонна шыны, сондай-ақ кәдеге жаратуға бағытталған 4,5 мыңнан астам батарея жиналды. Бұл ретте қалдықтарды бөлек жинаудан алынған барлық ақша қаражаты «Green Campus офисіне» беріледі және содан кейін кампусты көгалдандыру және университеттің басқа да «жасыл» бастамалары үшін пайдаланылады.

Кампус аумағы құрамында сынап компоненттері жоқ жарықдиодты шамдармен жарықтандырылады, оны пайдаланғаннан кейін біз оларды жою компанияларына береміз. Электр энергиясын үнемдеу мақсатында тұрмыстық және техникалық үй-жайларда қозғалыс датчиктері орнатылған. Көше жарығын реттеу үшін жарықтандыру күннің шығуы мен батуы бойынша өшіріп-қосылатын астрономиялық реле орнатылған.

Қаладағы ауа-райы қолайсыздығына қарамастан, біз университет аумағын көгалдандыруға және абаттандыруға көп көңіл бөлеміз. Жыл сайын мұнда жаңа ағаштар отырғызылады, біз күн сайын ол көшеттерге мұқият күтім жасаймыз. Бүгінде кампуста жеміс бағы, яғни онда алма, алмұрт, итмұрын, долана, тау күлі бар.

2017 жылдан бастап біз USM қазандықтарын табиғи газға ауыстырдық, бұл атмосфераға зиянды заттардың шығаруды едәуір төмендетеді. Болашақта біз қаланы газдандыру және жылумен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесіне қосылуды жоспарлап отырмыз.

Өткен 10 жылдағы USM ЖМ-дың маңызды жетістіктері туралы айтып беріңізші.   

Соңғы 10 жылда Университеттің кеңеюіне байланысты біздің қармағымыздағы бөлмелер мен аумақтардың ауданы 6 есе өсті.

Жұмысымыздың көлемімен бірге, біздің сервисімізге тұтынушыларының қанағаттануы да артып келеді. 2020 жылы USM ЖМ жұмысына өтініш білдіргендердің 93%-ы өз ризашылықтарын білдірді.

Бұл ретте, қызмет тұтынушыларымызбен тиімді кері байланыс орнату мақсатында біз олармен үнемі өзара іс-қимыл жасауға тырысамыз. Ол үшін, сондай-ақ ұсынылатын қызметтерге НУ қоғамдастығының қанағаттануы бойынша үнемі жүргізілетін сауалнамалардан басқа, USM, сондай-ақ Самриѕ life committee жұмысына белсенді қатысады.

Пандемия кезінде кампусқа қызмет көрсету қалай ұйымдастырылған? 

COVID-19 пандемиясымен байланысты карантиндік шараларға қарамастан, кампуста жұмыс тоқтаған жоқ. Мұнда бұрынғыдай, 1000-нан астам адам тұрады-отбасылы оқытушылар, студенттер, докторанттар. Кампус тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз белгілі бір шаралар қабылдадық – рұқсаттама режимін күшейтіп, антисептиктер мен тепловизорлар орнаттық, лифтілер мен үй-жайларға жадынамалар ілдік, үнемі маңызды ақпарат жіберіп отырамыз, профилактикалық әңгімелер жүргіземіз, аумақты дезинфекциялаймыз.

Біз қызметкерлерге жеке қорғаныс құралдарын таратамыз және күн сайын олардың денсаулығын қадағалап отырамыз.

Кампус тұрғындары үшін демалу және таза ауада серуендеу қажет екенін түсіне отырып, біз кампус пирамидасының жанында Wi-Fi-мен жабдықталған жазғы шатырдың жұмысын реттедік. Енді ата-аналар ойын алаңында ойнап жүрген балаларының қашықтықтан бақылай отырып, жұмыстарын істей береді, сондай-ақ ол жерде барбекю алаңы бар.

USM ЖМ таяуа уақыттағы маңызды жобалары мен жоспарлары туралы айтып беріңізші? 

Біздің жоспарларымызда инфрақұрылым мен объектілерге қызмет көрсетуді дамыту бойынша жұмыстардан басқа – басқару құрылымын жетілдіру, адам әлеуеті мен коммуникацияны дамыту, қызмет көрсету нарығының үлесін кеңейту, қызметтің кіріс түрлерін дамыту, ұйымның оң имиджін арттыру.

Егер нақты жобалар туралы айтатын болсақ, жақын арада ахуалдық орталық құрғымыз келеді. Қазірдің өзінде бізде университеттің барлық тіршілікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік жүйелерін (лифтілер, өрт дабылы, кіруді бақылау және басқару жүйесі, бейнебақылау жүйесі, ғимаратты басқару жүйесі) тиімді бақылауды қамтамасыз ететін заманауи жабдықтармен жабдықталған заманауи диспетчерлеу орталығы жұмыс істейді. Университеттің жаңа ахуалдық орталығында сall-орталығын ұйымдастырғымыз келеді, ол шақыруларды жедел қабылдайды және мысалы, авариялық жағдайларда, жедел медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда, қауіпсіздік мәселелеріне жедел жауап береді.

Сондай-ақ, біз RFID технологияларын қолдана отырып, түгендеу процестерін жақсарту бойынша жұмыс жасаудамыз.

Сонымен қатар, қазір біз Университет аумағында автотұрақ орындарын пайдалануды реттеу үшін «Smart Parking» жобасымен жұмыс істеп жатырмыз.

Жалпы, болашақта USM ЖМ қызметтердің кең спектрін ұсынатын, ірі сервистік компаниялардың рейтингіне ену жоспарлануда.