Ресей Үкіметінің Басшысы Назарбаев Университетіне келді

Мәртебелі қонақтардың сапары университеттік кампустың макетімен танысудан және университеттің оқу, ғылыми зертханаларын көруден басталды. Мысалы, Робототехника зертханасында РФ Үкіметінің Төрағасына Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары жұмыс істейтін роботтарды көрсетті, сондай-ақ аталған құрылғылардың индустрияның қандай салаларында қолданылатыны туралы айтылды. Сонымен қатар, Дмитрий Медведев университеттің медицина саласындағы ғылыми әзірлемелерімен де танысты. Кездесудің соңында қонақтар университеттің кітапханасында болды. РФ Үкіметінің Төрағасы Назарбаев Университетінің кітапханасында электрондық ақпараттық ресурстардың ауқымды коллекциясының бар екендігін білетіндігі туралы айтты. Кітапханада Дмитрий Медведев студенттердің сұрақтарына жауап берді және Құрметті қонақтарға арналған кітапта өз қолтаңбасын қалдырды. «Nazarbayev University студенттері мен оқытушыларына оқу мен зерттеу қызметінде жетістіктер тілеймін! Сіздердің университеттеріңіз керемет!» – деп жазды Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы. Назарбаев Университетінің студенттері қонаққа университеттің логотипі бар бренд бейсболка мен күртешені сыйлады, сондай-ақ спорт саласында Ресей студенттерімен ынтымақтастықты орнатуға ұсыныс жасады. Назарбаев Университеті атынан Дмитрий Медведевке қазақстандық жас суретші Дастан Бисеновтің «Шиыршық» атты суреті сыйға тартылды.

 

 

 

 

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@old.nu.edu.kz, www.nu.edu.kz