Британияның бұрынғы премьері Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

24 мамырда Назарбаев Университетінің Сенат залында Ұлыбританияның министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Тони Блэр “Ғаламдық әлемнің талабы мен мүмкіндіктері” атты тақырыбында Университеттің студенттері мен қызметкерлеріне дәріс оқыды. Өз баяндамасында Блэр Қазақстанның өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын Президент Назарбаевтың басшылығымен мерекелеп жатқанын мақтан етуі керек деді. Сондай-ақ Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрғыдан жаңадан даму сатысына көтерілгенін де атап өтті.

“Кво мәртебесі – таңдап алатын жол емес. Бәсекелес партиялары; жауапты, бірақ еркін баспасөзі; жеңіл түспейтін діни толернаттылық ұстанымы; жоғары құқыққа жету үшін заңнамалық және өзге де реформалары бар; сондай-ақ жемқорлыққа ғана емес, сонымен қатар оған қолдау көрсетіп отырған жүйелермен де күресетін дұрыс демократиялық жүйені дамыту қажет”, – деді Тони Блэр.

Университеттің студенттері мен қызметкерлері жарты сағат ішінде қонаққа өздерінің сұрақтарын қойды. Тони Блэр студенттерді елдің болашақ көшбасшылары мен элитасы деп атады және оларға оқуда табыс тіледі. Ол үздіксіз білім алу мен жаңа білім алуға құштарлықтың маңыздылығын атап өтті.

Құрметті қонақтарға арналған кітапқа британдық саясаткер былай деп жазды: “Мен осында келгеніме өте қуаныштымын. Бұл жаңа және керемет білім ордасы. Болашақты өмірге деген жаңа көзқарасы бар білімді жас адамдар жасайтын болады. Назарбаев Университеті осыны Қазақстанда ұсынып отыр.”

 

 

 

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@old.nu.edu.kz, www.nu.edu.kz