Назарбаев Университеті V Астана экономикалық форумының медицина тақырыбында панельдік сессиясын өткізді

Сессияда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова; Назарбаев университеті Атқарушы Кеңесі Төрағасының орынбасары Алмаз Шарман; 2009 жылы химия бойынша Нобель сыйлығын алған Ада Йонат (Израль); физиология және медицина бойынша 1993 жылғы Нобель сыйлығының иегері, Шеффилд университетінің профессоры Ричард Джон Робертс (Ұлыбритания); химия бойынша 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Окленд ғылыми-зерттеу институты және балалар ауруханасының еңбек сіңірген ғылыми қызметкері Кэри Бенкс Муллис (АҚШ); Стокгольмдегі Корольдік Каролин медициналық институтының халықаралық денсаулық сақтау профессоры Ханс Рослинг (Швеция), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бюросының денсаулық сақтау жүйесі және қоғамдық денсаулық бөлімінің директоры Ханс Клюге (Бельгия); ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов сөз сөйлеп, баяндама жасады.

Сессия жұмысы барысында ғаламдық денсаулық сақтау, онкологиялық көмекті дамыту, азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы ғылымның рөлі, инвестициялар тарту және басқа да мәселелер талқыланды.

2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталмыш бағдарлама денсаулық сақтау саласында алты басты саяси бағыттарды қойды.

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі халық денсаулығы проблемаларын шешуде сектораралық жауапкершілік бағытына, нәтижеге бағдарланған қаржыландырудың жаңа үлгісіне көшті. 2005 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 4 есеге артты.

Панельді сессия жұмысының қорытындысында Қарар қабылданып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Санофи-авентис Қазақстан» (Франция), сондай-ақ «MSD» және «Пфайзер Эйч-Си-Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компаниялары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды. Сессия жұмысының қорытындысында басым бағыттар және ынтымақтастықтың тиімді тетіктері анықталды. Форум қонақтары сонымен қатар, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ клиникаларын аралап көрді.

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@old.nu.edu.kz, www.nu.edu.kz