Әріптестердің кездесуі-2020: ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӘРІПТЕСТІК
2011 жылдан бастап Назарбаев Университеті жыл сайын жоғары білім беру саласында ынтымақтастықты дамытуды талқылау, тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыстың одан арғы бағыттарын айқындау үшін өзінің стратегиялық әріптестерімен кездесулерін ұйымдастырады.
Биылғы жылы COVID-19 пандемиясына байланысты әріптестердің кездесуі 12-13 қарашада онлайн-форматта өтті және “жоғары білімнің болашағы және Назарбаев университетімен әріптестік” тақырыбын талқылауға арналды. Қатысушылар НУ мектептері мен зерттеу институттарының 10 стратегиялық әріптесінің 9-ы (алфавиттік ретте): Оук Ридж университеттер қауымдастығы, Кембридж университеті, Колорадо тау-кен ісі мектебі, Питтсбург Университетінің Медициналық орталығы, Висконсин-Мэдисон университеті, Пенсильвания университеті, Питтсбург университеті, Фукуа Бизнес Мектебі (Дьюк Университеті) және Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур Ұлттық университеті).
Бірінші күні қатысушылар коронавирустық пандемияның жоғары білімге әсерін талқылады. Әріптестер болашақ сын-қатерлер туралы, сондай-ақ СOVID-19 салдарынан білім беру процесінің қай салалары ең көп зардап шеккені туралы әңгімеледі. Қатысушылардың пікірінше, осындай зардап шеккендер студенттерді қабылдау, оқыту және оқу, халықаралық академиялық ұтқырлық, ғылыми зерттеулер, медицина және тағы басқалар салалар болды.
Кездесудің екінші күні 10 жыл болған әріптестік қарым-қатынастардың перспективаларын талқылауға арналды. Өткен онкүндікте стратегиялық әріптестер НУ-ға айтарлықтай қолдау көрсетті және бұл қатынастар барлық тараптар үшін жемісті болды. НУ айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, тұрақты өсуін көрсете алды.
Мықты әріптестікке сүйене отырып, НУ мен стратегиялық әріптестердің де жаңа болмыс пен болашақ сын-қатерлерді түзете отырып, қазіргі қарым-қатынастарды қайта құру қажеттілігіне деген сенімділігі зор.
Екі күндік жемісті кездесулердің қорытындысы бойынша пікірталас Назарбаев Университетінің дамуындағы жаңа кезеңді атап өтіп, НУ-дың стратегиялық әріптестермен ынтымақтастығына жаңа серпін бергенін атап өтуге болады.