COVID-19 екінші толқынына дайындық
Қазақстанда COVID-19 жұқтыру жағдайларының жаңадан өршуі байқалады. Күзгі-қысқы маусым мезгілінде, әдетте, тыныс алу органдарының аурулары көбейеді және биыл оларға коронавирустық инфекция қосылды. Медицина докторы, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің түлегі және Medsupport.kz волонтері Ботагөз Каукенова коронавирустың екінші толқынына дайындық бойынша өз кеңестерімен бөлісті.
Ауруды қайта жұқтыру мүмкін бе?
Иә. Қазіргі уақытта адамдар ауруды қайта жұқтырғанда, оның жеңіл түрде немесе ауыр түрде өтетіндігі, қандай факторларға тәуелді екендігі толық анықталмаған. Сондықтан, ауырып шыққандарға да сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз. Сақтық шараларына мыналар жатады – маска кию, қолды өңдеу және жуу, арақашықтықты сақтау, және, әрине, адамдар көп болатын жерлерден аулақ болу.
Тағы қандай шаралар қабылдау қажет?
Пандемияның жазғы кезеңі адамдардың психологиялық денсаулығына айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Оқшаулау және «қашықтықтан жұмыс істеуге» көшу адамдардың әдеттегі күн тәртібін бұзады, офистегі кесте бойынша жұмысты тоқтатады. Сондықтан, егер сіз үйден жұмыс жасасаңыз, күн тәртібін сақтауға тырысыңыз:
– бір уақытта тұрып, ұйықтауға жатыңыз;
– дастархан басында таңғы ас, түскі ас және кешкі ас ішіңіз. Тамақтану уақытының бұрынғы кестесін сақтаған жөн. Сондай-ақ, зиянды тағамдар мен жеңіл тағамдардан аулақ болыңыз;
– Сіз жалғыз тұрсаңыз да, достарыңызбен және жақындарыңызбен сөйлесуді жалғастырыңыз. Бейне қоңырау сөйлесулерін жоспарлаңыз;
– егер сіз локдаунды отбасыңызбен өткізсеңіз, онда өз кестеңізге караоке, үстел ойындары, би, кітап немесе киноклуб сияқты отбасының барлық мүшелерін тартатын белсенді іс-шараларды қосыңыз;
– егер сіз жалғыз өмір сүрсеңіз, онда бейне қоңырау сеанстарынан басқа, сіз өзіңіз үшін әлеуметтік шеңбер құра аласыз. Бұл шеңберден шықпай-ақ бір-бірімен кездесіп, сөйлесетін 5-6 адамды құрайтын топ.
Екінші толқынның алдында не істеу керек?
Барлық созылмалы ауруларды бақылауға алыңыз. Егер сіз емханадағы терапевтке тіркелмесеңіз, қажетті терапияны алу үшін қазір тіркеліңіз. Статистикаға сәйкес, коронавирустың ауыр жағдайларының көпшілігі созылмалы аурулары бар адамдарда болған. Егер сіз қазірдің өзінде тіркелген болсаңыз, онда мамандандырылған дәрігермен байланысып, дәрі-дәрмектердің тізімі мен мөлшерін анықтап біліңіз.
Егер сіз негізгі терапияны қабылдасаңыз – өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, оны қабылдауды әрі қарай жалғастырыңыз.
Үйдегі дәрі қорабын тексеріп, дайындаңыз.
Өзіңіз және отбасыңыз үшін мыналарды сатып алу қажет:
– парацетамол немесе ибупрофен блистерінің жұбы,
– тамақ ауырғанда пайдаланатын лолипоптар/пастилкалар,
– мұрынды жууға арналған тұзды ерітінді (Аквамарис),
– термометр, егер қол жетімді болса – импульстік оксиметр,
– жүрек айнуын емдеу үшін Метоклопрамид (Церукал) немесе Ондансетрон, диареядан – Имодиум (Лоперамид). Егер қатты жүрек айнуы және диарея болса – Регидрон. Әр препараттың нұсқауларын оқып, өзіңізге және отбасыңызға сәйкес келетін дозаны белгілеп, басқа дәрі-дәрмектерге қарсы көрсеткіштер мен өзара әрекеттесулерді мұқият оқып шығыңыз.
Иммунитетті қалай көтеруге болады?
Өкінішке орай, иммунитетті сіздің денеңіздегі деңгейден жоғары көтеру қиын. Бірақ сіз оған оңтайлы деңгейде жұмыс істеуге көмектесе аласыз. Көптеген адамдар үшін жақсы иммунитеттің негізі – дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және жақсы ұйықтау.
Фаст-фуд, майлы, қуырылған, тәтті тағамдарды тұтынуды азайтыңыз. Спортпен шұғылданыңыз, мысалы, 10-15 минуттық созылу, дене шынықтыру немесе жеңіл жаттығуларды күнделікті жасаңыз. Жақсы ұйқы дегеніміз: сіз түнде ұйықтауыңыз керек, ал күндіз сергек болуыңыз керек. Ересек адамға күніне қанша сағат ұйықтау керек екенін айту қиын, өйткені әркімге әрқалай. Демалу үшін ұйықтау керек. Көптеген адамдар үшін бұл 6-8 сағатты құрайды.
Мedsupport.kz – бұл, ең алдымен, ғалымдар коронавирус тақырыбы бойынша талданған, зерттелген және аударылған ғылыми мақалаларды маңыздылығы, тиімділігі, сенімділігі және т.б. критерийлер бойынша бағалай отырып, nature.com, thelancet.com сияқты ресурстарда және басқа да ұқсас ғылыми ресурстарда (жалпы алғанда онға жуық) жариялайтын ресурс. Бұдан басқа, ғалымдар әртүрлі елдердің емдеу хаттамаларын табады, оларды аударады және қазақстандық емдеу хаттамаларымен олардың айырмашылықтарын талдайды.