Тәжірибемен ештеңені салыстыруға болмайды

Біздің сұхбаттасушымыз – Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің тлегі Айдана Қасымова. Айдана Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе қаласының тумасы. Соңғы 1.5 жылда ол Нұр-Сұлтан қаласының Назарбаев Зиятркелік мектебінде оқыды. НУ-да “Экономика” мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасында білім алып, 2015 жылы оқуды аяқтады.

НУ-ға түскеніңіз туралы айтып беріңізші

НУ-ға түсу кезінде менде қажетті балдары бар IELTS сертификаты болды, сондықтан маған оқуға түсу үшін физика және математика пәндері бойынша SET (subject Entrance Test) тапсыруым керек болды. Сонымен қатар мен американдық университеттерге құжаттарды тапсырдым, онда SAT Subject tests-ті математика және физика бойынша тапсырдым, сондықтан SETs-ке дайындалу маған оңайырақ болды.

Менің НУ-ды таңдауым туралы шешімім менің өмірімдегі ең маңызды және шешуші шешімдерімнің бірі деп санаймын, ол туралы ешқашан өкінбеймін. 2010 жылы бакалавриат бағдарламасы бойынша “Болашақ” стипендиаттарының соңғы легі өтті. Сол жылы мен Boston University (АҚШ) математика бойынша бакалавриат бағдарламасына түсіп, “Болашақ”стипендиясын алдым. Сонымен бірге, мен НУ-дан да offer алдым. Мен ұзақ ойландым және оқу үшін қай университетті таңдайтынымды шештім, ал көпшілігі маған американдық университетті таңдауға кеңес берді. Бірақ ақтығында мен өз таңдауымды НУ-ға тоқтаттым, өйткені Қазақстанның жарқын және өршіл студенттерінің үлкен community бөлігі болғым келді. Мен өз болашағым мен мансабымды Қазақстанда көрдім, сондықтан өз networking қызметімді дәл осы қазақстандық университетте бастау туралы шешім қабылдадым. Қазір мен бұл таңдауды жасағаныма қуаныштымын, өйткені университет мен үшін жаңа идеялардың, өршіл және белсенді студенттердің және өзінің альма-матер түлектеріне арналған орынға айналды. Мен үшін НУ – бұл жан-жақты дамыған, кең ойлы және адал достардың қоғамдастығы.

НУ-да оқыған кезіңіз туралы не айта аласыз?

Біз университеттің алғашқы студенттері болдық және НУ-да қоғамдық өмір біздің көз алдымызда құрылды және дамыды деп айтуға болады. Мен студенттік клубтардың жұмысына тек 3-4 курста белсенді қатыса бастадым. Біз құрбыларымыз, Дилярам және Әйгеріммен NU Cooking клубын аштық, оның мақсаты social cooking форматы арқылы қарым-қатынас жасау және жаңа байланыстар орнату болды. Сондай-ақ, мен Жастар парламенті қоғамдық бірлестігінің белсенді қатысушысы болдым және іс-шараларымызды БАҚ-та жариялауға жауапты болдым, баспасөз хабарламаларын жаздым. Мен үшін бұл баға жетпес тәжірибе болды, мен журналистермен танысып, араластым, олар кейін біздің іс-шаралар туралы жаңалықтар сайттарында және газет беттерінде жазды, бейнерепортаждар жасады.

Менің ойымша, университет маған жеке тұлға ретінде қалыптасуыма, ойлау қабілетімді қалыптастыруға және маңызды дағдыларды игеруге ықпал еткен, өте көп нәрсені берді. Біріншіден, университетте мен ақпарат ағымынан өзім үшін маңыздысын әрі қажеттісін бөліп алып, көптеген ақпаратты тез және тиімді өңдеуді үйрендім. Бұл маған бүгінгі күнге дейін, мысалы, мен біліктілік емтихандарына немесе жұмыста жаңа тақырып бойынша презентацияға дайындалғанда көмектеседі. Екіншіден, мен сыни тұрғыдан ойлауға үйрендім, кез келген мәселені әртүрлі жағынан және көзқарастар тұрғысынан қарастырдым. Саясаттану сабақтарында біз бірдей тарихи фактіні әртүрлі саяси теориялар мен тұжырымдамалар тұрғысынан қарастыратын ғылыми жұмыстарды зерттедік. Қазір мен белгілі бір жағдайға, пікірге, ұстанымға қатысты біржақты болмау үшін әртүрлі ақпарат көздерінен жаңалықтарды оқуға тырысамын.

Қазіргі оқуыңыз/жұмысыңыз туралы айтып беріңізші

НУ-дағы соңғы курста менің алдымда магистратура бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыру немесе еңбек қызметін бастау және өзімнің мансап жолымды құру сияқты таңдау тұрды. Таңдау жасау үшін мен университетте әртүрлі сала мамандарымен өткізілген, көптеген қонақтармен кездесулерге қатыстым. Осындай кездесулердің бірінде қонақ ұзақ уақыт бойы менің басымда қалған сөйлемді айтты: “Тәжірибемен ештеңені салыстыруға болмайды” (Nothing beats experience). Бұл тіркес менің университетті аяқтағаннан кейін алдағы өмір жолым туралы шешіміме әсер етті, нәтижесінде мен өз мансабымды КРМG компаниясында Астана кеңсесінде аудитор ретінде бастадым. Компанияда 3 жыл жұмыс істеп, мен өте жақсы нәтижелерге қол жеткіздім: екі рет жоғарылап, АССА біліктілігіне ие болдым. Осыдан кейін мен өз мансабымды КРМG-да Дубайдағы кеңседе жалғастырдым, онда 1 жыл жұмыс істедім. Қазіргі уақытта мен бір жыл бойы Лондондағы КРМG офисінде корпоративтік қазынашылық департаментінде жұмыс істеймін.

Сіздің келесі жоспарларыңыз қандай?

Негізгі жұмыспен қатар мен НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығымен ынтымақтастықта тәлімгерлік бағдарламасына қатысамын. Сондай-ақ, біз НУ түлектерімен (Дилярам Исмаилова, Әйгерім Халелова, Болат Тілеубаев) сұлулық индустриясы және өзін-өзі күту саласындағы стартапты алға жылжыту бойынша жұмыс жасаймыз. Біздің жобамыз Keep It Fresh! – бұл мобильді қосымша, оның көмегімен пайдаланушылар өздеріне ең қолайлы косметиканы таңдай алады.

Университетке / студенттерге / НУ түлектеріне сіздің тілектеріңіз.

Бүкіл университетке бір тату қоғамдастық болуын, бірақ сонымен қатар осы қоғамдастықтың әрбір қатысушысына өз пікірі, көзқарасы мен мақсаттары бар жарқын тұлға болып қалуын тілеймін!

DRM_3647
IMG_0656
IMG_5514
IMG_6709
IMG_8310 – копия
IMG_9592
IMG_9673
y_1d97dfa6