Дәріс: Кредит тәуекелдері

Қаз 22, 2020

Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі

«CAREER SERVICES GUEST LECTURE SERIES» атты тегін қатысуына шақырады.

Тақырыбы: Кредит тәуекелдері

Қонақ: Наталья Поветкина

Серiктестiк: Ситибанк

Наталья Поветкина 15 жылдан астам банктік тәжірибиесі бар және мансапты Ситибанк Қазақстанда 2002 жылы бастады.

Наталья өзінің алғашқы кәсібін несиелік тәуекелдерді басқару бөлімінде, портфолиясынан несиелік талдаушы ретінде бастады. Мансап барысында ол корпоративті қаржы офицері есебінде капитал нарығындағы операцияларды құру,басқару және орындау бойынша белсенді жұмыс істеді.

Наталья қазіргі уақытта тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы және бас директордың орынбасары қызметтерін атқарады. Басқару комитеттерінің мүшесі: Активтер мен пассивтер жөніндегі комитет, Елдік үйлестіру комитеті, Іскерлік тәуекел және сәйкестік жөніндегі комитет және несиелер. Негізгі міндеттерге: несиелік операцияларды үйлестіру және басқару, портфолионы басқару, проблемаларды анықтау және қалпына келтіруді қадағалау, аймақтар мен трансшекаралық тәуекелдерді бақылау және жүйелік тәуекел мәселелерін басқару міндеттеріне жауап береді.

Наталья 2000 -ші жылы Алматы Телекоммуникациялар және Энергетика Университетін «Отын-энергетикалық кешеніндегі экономика» мамандығы бойынша бітірді, сонымен қатар 2002 -шы жылы КИМЭП-тен «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Күні мен уақыты: 2020 жыл  28 Қазан, сағ. 10.00

Өтетін орны: zoom

Тілі: Орыс тілі  

Іс-шараға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелуіңізді сұраймыз.