Teaching Awards 2021 марапаттау рәсімі Назарбаев университетінде өтті
2021 жылдың 29 қазанында Назарбаев Университетінде Teaching Awards жүлдесінің 5-ші салтанатты рәсімі өтті. Марапат 2017 жылы доктор Лоретта О’Доннелдің бастамасымен құрылған. Бұл профессор-оқытушылар құрамының жетістіктерін атап өту және оларды бұдан да жоғары мақсаттарға ынталандыру үшін өткізіледі. Үміткерлерді университет ішіндегі мектептер ұсынады және НУ Оқу комитеті бағалайды. Teaching Awards 2021 сыйлығының жеңімпаздары:
- Бас мұғалім: Бен Тайлер (SEDS)
- НУ тәжірибесімен бөлісу: Антонио Сарриа-Сантамера (NUSOM)
- Инновациялық оқыту: Том Винаймонт (GSB)
- Инклюзивті оқыту: Майкл Райан (SSH)
- Зерттеу мен оқытуды біріктіру – София Ан сыйлығы: Дильрабо Джонбекова (GSE)
- Оқытудағы көшбасшылық: Нэнси Ститт (NUSOM)
- Интернационалдандыру: Байрон Крейп (NUSOM)
- Педагогикалық жетістіктері үшін оқытушы ассистенті сыйлығы: Әлия Асубаева (GSPP)
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!