WOW – әйелдер апталығы

Кітапхана гендерлік ғалымдар консорциумымен (GenCon) әріптестікте Мектептермен және студенттік клубтармен бірлесе отырып, жыл сайын наурыз айында әйелдер апталығын өткізеді.

Биылғы жылы Кітапхана #EachforEqual науқанын өткізді.

Мереке аясында бір апта бойы Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында бірқатар іс-шаралар өтті, олардың басты кейіпкерлері әйел қауымы – аналар, жұбайлар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері болды.

Мерекелік іс-шаралар 3 наурыз күні кітап авторларымен кездесуден басталды, онда автор-әйелдер өз кітаптарының жазылу тарихы, еңбектерінің нәтижесі жарық көргенге дейінгі олардың жолы туралы айтып берді. Атап айтқанда, өз кітаптары туралы сөз сәйлегендер:

Динара Құсайын – балалар  қауіпсіздігі және отбасын дамыту саласындағы сарапшы (отбасы және адамды дамыту саласындағы магистр, бұқаралық коммуникация магистрі) және үш баланың анасы. Ол  «Amansabi» атты балалардың қауіпсіздігі бойынша жобаға жетекшілік етеді, дәріс оқиды және кеңес береді. Автор іс-шараның қонақтарымен кітаптың жас ата-аналар үшін жолсілтеме болып табылатындығын және декреттегі ананың өмірі мен шығармашылығына біраз айқын әсер ететінін айтты. Автор ғылым мен юморды пайдалана отырып, отбасының қалыптасуының маңызды аспектілері, баланың қауіпсіздігі және жалпы отбасылық өмір туралы өз пікірін жеткізе алды, осының барлығын «Salem, ата-аналар»кітабында оқи аласыз.

Әлия Исенова – журналист, инфлюэнсер, Интернетте баршаға танымал блог жүргізеді, ол қазақстандық оқырмандарға белсенді өмірлік ұстанымдарымен сүйкімді. Әлия Youtube-те өзінің жеке арнасының авторы, онда ол белгілі тұлғалармен ашық сұхбат жариялайды. Әлия қонақтарға кітапты жазу оның балалық арманы болғанын айтып,  ерте ме, кеш пе өзінің «Леша» атты кітабын жариялайтынына сенімділік білдірді. Бұл әдебиет ғылыми тақырыпқа жатпайды, ол көркем, шағын әңгімелерден тұрады. Автор оқырмандардың назарын кітапты басып шығару, тарату процесіне және баспа қызметінің басқа да техникалық жақтарына аударды. Сондай-ақ, Әлия болашақта кітаптың аудиоверсиясын электронды форматта шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Мишель Сомертон – Жоғары  білім беру мектебінің профессоры және инклюзивті білім берудегі көшбасшылық саласындағы магистр дәрежесі берілетін академиялық бағдарламаның директоры. Оның докторлық дәрежесі, зерттеу саласындағы магистр дипломы және Тасмания университетінде Үздік білім бакалавры дәрежесі бар. Кітап тарауларының және басқа да академиялық материалдардың авторы Мишель іс-шараның қонақтарына болашаққа  жетелеген  мақсаттары мен себептері туралы айтып берді. Автор өмірінің түрлі кезеңдерін фотосуреттер арқылы көрсете алды.

Зейнехан Күзекова – Қазақ  тілі және түркология кафедрасының профессоры. Қазақ тілінен доктор дәрежесі бар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.  Зейнехан апай шетел студенттерге арналған қазақ тілін оқыту, жаттығулар мен практикалық тапсырмалар бойынша кітаптар топтамасын әзірледі. Барлық әзірленген материалдар қазіргі уақытта мемлекеттік ұйымдарда енгізілген кітаптар мен тестілік жаттығулар үшін негіз болды. Автор  қазақ тілін бастапқы деңгейден  оқып үйренген 3 шетелдік студент туралы әңгімесін  айтып берді.

Клэр Гриффин – Жаратылыстану  және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры, тарихшы. Ол Лондонның Университеттік колледжінің славян және шығыс-еуропалық зерттеулер мектебінде философия докторы дәрежесіне ие болды. Клэр бірнеше кітап тарауларының авторы және өз кітабының жариялануын күтуде, оның ғылыми ортада әйелдерді қалай қабылдайтынын және жалпы ғылым мен баспа жолында қандай сынақтар болатыны туралы өз пікірімен бөлісті. Автор кітапты жазудағы өзінің себептері мен қызығушылықтарын қысқаша түсіндіріп, қонақтарды кітаптың басты бөлімдерімен таныстырды.

4 наурызда түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен көрнекті әйелдермен панельдік пікірталас өтті. Пікірталас спикерлері:

* Сұлушаш Керімқұлова – Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің доценті. Оның 40 жылға жуық оқытушылық және зерттеушілік тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарында 20 жылдан астам әкімшілік тәжірибесі бар. Профессор өз сөзін «адамдарды не бақытты етеді?» деген сұраққа  әр түрлі жауаптарды алғаны туралы айтты. Профессор барлық жауаптармен келісіп, адамдардың сүйікті ісімен айналысқанда бақытты болатынын атап өтті. Сұлушаш ханым өзінің мансаптық жолында  қандай жоғары қызмет атқарғанын айтып, өмірінің түрлі кезеңдеріне тоқталып өтті. Біздің кейіпкеріміз іс-шараның жас қонақтарына бірнеше кеңес беріп, болашаққа сеніммен қадам басуға шабыттандырды.

* Гүлнұр Калимулдина – Жапониядағы  Токио технологиялық институтында 2017 жылы докторлық дәреже алды. Ғылыми қызығушылығы: наногенератордың көмегімен энергияны жинау, энергияны сақтау (литий-ионды аккумуляторлар), пилотсыз ұшу аппараты, жылу және интерфейсті модельдеу. Гүлнұр жас ана және профессор, өзінің дипломдық жобасын егжей-тегжейлі көрсете алды,  сонымен қатар ғылымды қолдана отырып,  өз өмірінің барлық аспектілерін шешуге бейімделді. Профессор, жұбай, ана ретінде Гүлнұр өмірде қиын да қуанышты сәттердің бар екенін мойындап, жұмыс пен үй тұрмысын  айыра отырып, осылайша тепе-теңдікті табуға кеңес берді.

* Зекен Абраева – Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұрғын үй бірлестігінің төрайымы • 2019 жылы ол Алтай Көлгіновтен (Нұр-Сұлтан қаласының әкімі) қаланың дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Жас кезінде Зекен апай құрылысшы болуды армандап, өзін сәулетші ретінде елестетті. Бірақ әр түрлі оқиғалар мен жағдайларға байланысты бұл арманы орындалмады. Зекен апай зауыттарда және әртүрлі кәсіпорындарда еңбек етті, үлкен биіктіктерге қол жеткізді, іскер әйелдер қауымдастығында болды және өмірдің әр кезеңінде бірнеше мекемелерді басқарды. Зекен апай Нұр-Сұлтан қаласына көшіп келгенде, үй салу арманының орындалғанын айтты,   өйткені ол  күрделі құрылыс болып саналатын, жылдар бойы тұрып қалған үйде пәтер сатып алып, оның құрылысын аяқтап, қоныстанғанын айтып,  барлығын қуантты.

 

* Элейн Шарплин – Назарбаев  Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры • Зерттеуші, ғылыми жетекші және педагог. Профессор Элейн өзінің академиялық жолын 40 жасынан бастады, басқа құрлыққа ауысты және екі тамаша бала өсірді. Біздің кейіпкеріміз ешқашан қиындыққа берілмеді, басқалардың шығармашылық әлеуетін көре алды, айналасындағыларға көмектесіп, қолдау көрсетті.

5 наурыз күні әйелдер үшін арнайы Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры Дүйшон Шаматов дайындаған «Өмір сабақтары» атты әңгіме сеансы өтті. Профессор техниканы қолданды, онда қонақтар комплименттермен бөлісіп, адамдарға мейірімділік пен бақыт сыйлады. Сеанс кезінде қонақтарға адамдарды бағалау және алғыс айту мен сүйіспеншілікпен бөлісу мүмкіндігін жібермеу туралы шабыттанған әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, Профессор Шаматов балаларды қорқыныштан арылту терапиясын, сондай-ақ балаларды өздерін және айналасындағыларды сүюге үйреткен түрлі әдістемелерді қолдана отырып, ойындар өткізді.

Оффлайн іс-шараларымен қоса онлайн флэшмобы өтті, оның мақсаты стереотиптермен күресу үшін көп қатысушыларды қамту, немқұрайлықпен күресу, жағдайды жақсарту және әйелдердің жетістіктерін атап өту. Гендерлік ғалымдар консорциумымен ынтымақтастықта бұл флешмобты  Instagram, Фейсбук және тТиттер сияқты әлеуметтік желілерде #EachforEqual хэштегін пайдалана отырып қолдады.

Сондай-ақ, апта бойы Атриумда комплименттер қабырғасы қол жетімді болды, барлық тілек білдірушілер өздерінің комплименттерін қалдырып немесе бір-біріне қолдау көрсетіп, комплименттердің бірін алу мүмкіндігіне ие болды.

Және ең соңында, 6 және 7 наурыз аралығында Кітапханада киносеанстар өткізілді, онда барлық қалаушылар өздерінің сүйікті фильмдерін көре алды. Ұйымдастырушылар «Қыз Жібек» және «Мәншүк туралы дастан»  фильмдерін таңдап алды, олардың басты кейіпкерлері өмірдің талай қиын кезеңдеріне қарамастан, жеңімпаз болып шыққан, өз мақсаттарына қол жеткізген, өздерін түрлі салаларда жүзеге асырған әйелдер болды.

Сонымен қатар, Кітапхана қызметкерлері әйелдерге арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрме оқу залдарында, 2 және 3-қабаттарда орналасқан.  Әдебиеттің түпнұсқа топтамасы 2020 жылғы 31 наурызға дейін арнайы дисплейде көрсетіледі. Кітапханаға келіп, тарих пен өнер әлеміне саяхат жасауға кеңес береміз.

31 наурызға дейін ер адамдардан басым болған әйелдердің қызметін ашып көрсететін, сондай-ақ тарих пен география призмасы арқылы әйелдер қозғалысының дамуын баяндайтын кітаптар мен фильмдердің тақырыптық көрмелері жұмыс істейді. Мұнда гендерлік стереотиптер мен әртүрлі аспектілердегі (білім беру, саясат, дін, өнер, әдебиет және т.б.) феминизмнің интерпретациясы жөніндегі  мәселелердің қазіргі заманғы зерттеулері бойынша дереккөздерді табуға болады.