Жас ғалымдар Альянсы не үшін құрылды?
YRA-ны құру
Жас ғалымдар альянсы (Young Researchers Alliance – YRA) Назарбаев Университетінде жұмыс істейтін және білім алып жатқан жас ғалымдардың бастамашылығымен 2018 жылғы 18 сәуірде құрылды. Әр түрлі салалардағы жас мамандарды біріктіретін ортақ мақсат жас зерттеушілердің Қазақстан мен шет елдерде өзара іс-қимылы үшін тиімді платформаны құру болып табылады. Мұндай платформаның болмауы кәсіби ынтымақтастықты дамытуды және жаңадан бастаған зерттеушілердің арасында тәжірибемен алмасуды қиындатады. YRA Назарбаев Университеті зерттеушілерінің идеяларымен әуестенген кішкентай командадан басталып, түрлі ұйымдар мен қалалардан келген 198 мүшесі бар Альянсқа айналды және күн сайын өсіп келеді.
YRA немен айналысады?
YRA ғылымның түрлі саласындағы өкілдермен – жас және жаңадан бастаған зерттеушілермен, оның ішінде магистрлік және докторлық бағдарламалардың студенттері мен ғылыми қызметкерлерімен құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын, коммерциялық емес қоғамдық бірлестік болып табылады.
YRA-ның пайымдауы зерттеушілердің, ғалымдар мен академиктердің жаңа буыны үшін қолайлы ортаны құру, сондай-ақ жас және жаңадан бастаған зерттеушілердің түрлі пәндер бойынша озық зерттеулер жүргізудегі ұмтылысына қолдау көрсету болып табылады.
YRA мүшелері жоғары білікті жас зерттеушілер ретінде танылды,олардың арасында Қазақстан Президентінің алғыс хаттарын алғандар да бар. Сонымен қатар, YRA мүшелері ғылыми қызметке және оның нәтижелерін коммерцияландыруға қатысты мемлекеттік саясатта жас ғалымдардың мүдделерін білдіру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесіне таңдап алынды.
YRA іс-шаралары
Өз қызметінің қысқа мерзімі ішінде YRA Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды. YRA өткізген бірінші маңызды іс-шара 2018 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген нетворкинг іс-шарасы болды, қонақтар ниеттес адамдармен көңілді кеш өткізді. Іс-шараға қатысушылардың көптеген оң пікірлері алынғаннан кейін бұл іс-шараны дәстүрлі түрде өткізу туралы шешім қабылданды. Жас зерттеушілердің көпшілік саны Алматыда болғандықтан, келесі нетворкинг іс-шарасын сол жерде 2019 жылдың тамыз айында ұйымдастыру туралы тамаша идея пайда болды.
YRA 2019 жылдың мамыр айында YRA-ның Бірінші Форумын ұйымдастырып, өзінің бір жылдығын атап өтті, әр түрлі пәндер бойынша сарапшылар сөз сөйледі және зерттеу жұмысының нәтижелерін көрсетті. Қатысушылар YRA іс-шаралары туралы оң пікірлерін білдіріп, жас ғалымдарды ғылыми зерттеулерге немқұрайлы қарамайтын бір пікірлестердің қауымдастығына біріктіру жөніндегі бастамаға алғыс білдірді. Сонымен қатар, YRA жас зерттеушілерге қызықты болуы мүмкін түрлі тақырыптарға арналған ғылыми семинарлар сериясын ұйымдастырады.
НУ студенттеріне арналған гранттар
Жас ғалымдар альянсы «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының қолдауымен Назарбаев Университетінің бакалаврлары мен магистранттарының ғылыми-зерттеу әлеуетін ынталандыру бағдарламасы бойынша студенттік жобаларды қаржыландыруға арналған өтінімдердің бірінші циклінің басталғаны туралы хабарлайды!
Ивенттерді ұйымдастырудан басқа, YRA Назарбаев Университетінің «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының қолдауымен Назарбаев Университетінің бакалавриат және магистратура студенттерінің ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін ынталандыру бағдарламасы (FRIP) бойынша конкурс өткізеді. Бірінші маусымда тоғыз команда мен жеке жобалар, барлығы он үш студент өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін қаржылай қолдау алды. Әрбір өтінімді доктор дәрежесі бар немесе докторантурада оқудың қорытынды кезеңдерінде жоғары білікті зерттеуші болып табылатын үш тәуелсіз сарапшы қараған. Қазіргі уақытта FRIP конкурсының үшінші маусымы жарияланды.
Жоғарыда айтылғандай, YRA әр күн сайын кеңейіп, өзіне көбірек назар аударуды жалғастыруда, жас зерттеушілердің кәсіби және әлеуметтік мәселелерін мемлекеттік деңгейде және одан тыс жерлерде көтеруді, өз мүшелері арасындағы кәсіби қарым-қатынасты нығайтуды, кәсіби ұйымдармен және қауымдастықтармен ынтымақтасуды, сондай-ақ өз мүшелеріне әртүрлі қолдау түрлерін ұсынуды көздеп отыр.
Ақпаратты Майра Жақсыбай ұсынды
Қосымша ақпарат алу үшін және тіркеу үшін YRA сайтына кіріңіз