“Relive” жобасы шеңберінде инсульт пациенттерін оңалту бойынша зерттеу үшін деректердi жинау!

Қаз 9, 2019

НУ Технопаркінің резиденті “Relive”, инсульттік пациенттерді оңалту жобасы шеңберінде зерттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

«Relive» – инсульттан кейін науқастарды сауықтыруға арналған инновациялық шешім. Электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) сигналдарын оқуға арналған қондырғы, ЭЭГ сигналдарын оқуға және тануға арналған бағдарлама, микроконтроллер және жоғарғы қол-аяқ экзоскелеттi қамтиды.

Әрбір адам ЭЭГ деректерді жинау процедурасынан өту арқылы жобаны жақсартуға үлес қоса алады. Процедура 15-20 минутқа созылады.
Сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін мына тіркелу сілтемесі бойынша өтуіңізді сұраймыз.

Марапат ретінде кофеге ваучерлер ұсынылады.

Деректерді жинау орны: Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы 53, Блок S4, 509 каб.

Изгі ниетпен,
Бейбіт Әбдікенов,
PhD кандидат, НУ
CEO, ReLive
+77014007717