ЖМСМ конференциясы 2021. ЕУРАЗИЯДАҒЫ САЯСАТ ӨЗГЕРІСІ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР

2021 жылғы 15-16 қазанда Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі, Астана Мемлекеттік қызмет хабы, “Ecojer” ұйымы және азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен әріптестікте жыл сайынғы бесінші “Еуразиядағы өзгерістер мен құрылымдық реформалар” халықаралық конференциясын өткізеді.

Іс-шара қатысушыларға Еуразиядағы саясаттың өзгеруіне және салалық реформаларға байланысты мәселелерді талқылауға және олардың шешімін табуға мүмкіндік беруге бағытталған. Конференция жас зерттеушілер мен докторанттарға өз зерттеулерінің нәтижелерін таныстыруға арналған платформаны ұсына отырып, ғалымдар мен практиктер арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.

Доктор Риккардо Пелизцо, конференцияның ұйымдастыру комитетінің жетекшісі: «Тұрақсыздық, белгісіздік, күрделілік және түсініксіздік деңгейі жоғары кезде, саясаткерлер саясатты басқару, әзірлеу және іске асыруды жақсарту үшін, және өздері жұмыс істейтін әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және саяси жүйелерде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үнемі нақты деректерді іздейді. GSPP бесінші жыл сайынғы конференциясы саясаткерлермен және мүдделі тараптармен саясаттың бірнеше аялары мен салаларындағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің нәтижелерімен бөлісуге бағытталған».

Қазақстаннан, Әзірбайжаннан, Финляндиядан, Германиядан, Грекиядан, Үндістаннан, Жапониядан, Қырғызстаннан, Черногориядан, Ресейден, Тәжікстаннан және Ұлыбританиядан келген зерттеушілер, ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік қызмет практиктері, студенттер онлайн-конференцияға қатысады.

Панельдік сессиялар барысында қатысушылар Орталық Азиядағы экологиялық проблемалар мен су ресурстарының азаюы, энергетикалық сектор мәселелері және COVID-19 пандемиясының мемлекеттік басқаруға әсері мәселелерін талқылайды. Дөңгелек үстелдер Қазақстандағы тұрақты даму саласындағы бастамаларға және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі экологиялық саясатқа арналады.

Сіздерді онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз. Тіркелу және бағдарлама туралы көбірек білу үшін НУ ЖМСМ сайтына өтіңіз.