Назарбаев Университеті Медицина мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Медицина докторы, магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы қуана хабарлайды
Назарбаев Университеті Медицина мектебінің Медицина Докторы, магистратура (қоғамдық денсаулық сақтау, молекулалық медицина, фармакология және токсикология, спорттық медицина және оңалту) және докторантура (биомедицина, жаһандық денсаулық сақтау) бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
- www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау.
- IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
- IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
- TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.nusom@old.nu.edu.kz (магистратура және Медицина докторы бағдарламары бойынша) немесе phd_admissions@old.nu.edu.kz (докторантура бағдарламалары бойынша) электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.