NUSOM Виртуалды ашық есік күні

Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі (НУММ) сіздерді 2022ж. жексенбі 3 сәуірде өтетін Виртуалды ашық есік күніне шақырады! 

Осы кездесуде сіз төмендегі бағдарламалар жайында, түсу талаптары және мансаптық мүмкіндіктер жайлы толық ақпаратты аласыздар:

1)      Бакалавриат бағдарламалары бойынша ақпараттық сессиясы (Мейірбикелік іс саласындағы ғылым бакалавры және Медицина ғылымдары саласының бакалавры).  Уақытысағат 10:00 (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша). 

Кездесуге қатысу үшін келесі сілтемені қолданыңыз

 

 

2)   Докторантура бағдарламалары бойынша ақпараттық сессиясы (Биомедицина ғылымдары және Жаһандық денсаулық сақтау). Уақыты: сағат 11:00 (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша). 

Кездесуге қатысу үшін келесі сілтемені қолданыңыз

 

 

3)      «Медицина докторы» және магистратура бағдарламалары бойынша ақпараттық сессиясы («Медицина докторы» (MD), Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура, Молекулалық медицина саласындағы магистратура, Фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура). Уақыты: сағат 13:00 (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша).

Кездесуге қатысу үшін келесі сілтемені қолданыңыз

 

Сіздерді Виртуалды ашық есік күнінде асыға күтетін боламыз!