Регистратор офисі “Пандемия тәжірибесі: қазіргінің ақиқаты және табысты практикалар” атты воркшоп өткізді
«Пандемия тәжірибесі: қазіргінің ақиқаты және табысты практикалар» тақырыбында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Регистратор офисі Қазақстан және шет елдерінің жоғары оқу орындарының Регистратор офистері үшін онлайн воркшоп өткізді. Студенттердің үлгерімі жөніндегі бас директоры және регистратор Ребекка Картер воркшоптың ашылуында сөйлеген сөзінде “соңғы екі жыл бәрімізді өз университетіміздегі оқу процестерін қолдау үшін бірқатар шешімдер қабылдауға мәжбүр етті” деп атап өтіп, бұл оқу орындары қызметкерлерінің уақытылы тәжірибе алмасуының өзектілігін көрсетеді.
Воркшоп аясында академиялық департаменттерден, соның ішінде Регистратор офисі, оқу процестерін қолдау жөніндегі IT бөлімі, академиялық эдвайзинг және басқалары, 300-ден астам қатысушы қазіргі уақыттағы оқу процестеріне қатысты өзекті тақырыптарды талқылауға қатысты. Өз кезегінде воркшоп білім беру саласының білікті қызметкерлері сөз сөйлеген сессиялардан және қатысушылар өздерін қызықтырған көкейтесті мәселелерді айтып, талқылай алатын дөңгелек үстелдерден тұрды. Назарбаев Университетінің қызметкерлерімен қоса сессияларда Торайғыров университетінің, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің, Пномпендегі американдық университеттің (Камбоджа) және Орталық Азия университетінің (Қырғызстан) өкілдері сөз сөйледі. Дөңгелек үстел форматында воркшоп қатысушылары Регистратор офисінің менеджменті, академиялық эдвайзинг, студенттердің жеке істер мұрағаты, пандемияның оқу орындарының қызметкерлеріне әсері, Регистратор офисіндегі деректермен жұмыс істеу, оқу процесін автоматтандыру және диплом қосымшасын әзірлеу сияқты өздерін қызықтырған мәселелерді талқылады.
Іс-шара соңында студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Қадиша Даирова “Регистратор офисі университеттің жүрегі болып табылады” деп атап өтті, бұл аталған бөлімшенің оқу орындарының өміріндегі маңызды рөлін тағы да дәлелдейді. Білім саласындағы қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараларды өткізу Регистратор офисі мен басқа да академиялық құрылымдарды дамытуда өте маңызды кезеңі болып табылады.
Воркшоп туралы толық ақапаратты және оның материалдарын Регистратор офисінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша таба аласыз.