Коронавирус бойынша ақпаратты жаңарту: Үй жағдайларында TOEFL және GRE тестілерін шешудің кеңейтілген қол жетімділігі
ETS компаниясы TOEFL iBT® және GRE® General Test тестілеріне арналған үй жағдайында тестілеу мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы қуана хабарлайды. 2020 жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша тестілер құрылықтық Қытай мен Иранды қоспағанда, әдеттегі компьютерлік тестілер қол жетімді болатын барлық жерлерде енді қол жетімді. Тестілеу орталықтарының жабылуынан зардап шеккен тестіленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ETS наурыз айының соңында үй жағдайында тестілеуді енгізді.
Тестілеу TOEFL iBT арнайы үй басылымы және GRE General Test үй жағдайында Рroctoru® компаниясы қызмет көрсететін интерактивті режимде қашықтан бақылауды пайдаланып жүргізіледі. Осы нақты уақыт режимінде адамның қатысуымен болатын тест сессиялары сезгіштігі жоғары бақылау қол жетімді орындардың санын шектейді. Тестілеудің әлеуетті қатысушыларына қалаған күні мен уақытты қамтамасыз ету үшін ең жоғары мүмкіндіктерге ие болу мақсатында барынша жылдам тіркелу ұсынылады. Осы кезеңде үй жағдайында тестілеу мүмкіндігі тестілеу орталықтары қайта ашылғанға дейін және жағдай қалыпты арнаға оралғанға дейін қолжетімді.
Үй жағдайында тестілеу туралы соңғы ақпаратты алу үшін келесі сайттарға хабарласуды сұраймыз:
- TOEFL®мекемелері мен TOEFL тестілеу қатысушыларына арналған веб-беттер
GRE®мекемелері мен GRE тестілеу қатысушыларына арналған веб-беттер