“Карантин” режимі. НУ нақты уақыт режимінде

Төтенше жағдай режиміне және карантин енгізілуіне қарамастан, НУ қауымдастығы өкілдерінің ғылыми-зерттеу қызметі мен қоғамдық белсенділігі одан әрі жалғасады. Ол тек жаңа сатыға – онлайн-режимге көшті.

Бүгінгі таңда НУ-дың барлық департаменттері, мектептері мен ғылыми орталықтары интернет арқылы оқытуды, ақпаратты және қажетті қызметтерді ұсына отырып, онлайн-кеңістікте белсенді жұмыс істейді. Осылайша, Қабылдау департаменті онлайн-форматта талапкерлермен кездесулер мен консультациялар өткізеді. Мансап және кәсіби бағдарлау орталығы студенттерге мансапты дамыту мәселелері және кәсіби даму бағдарламасы бойынша кеңес беруді жалғастыруда, Психологиялық консультация беру орталығы НУ-дың барлық студенттері мен қызметкерлеріне қажет болған жағдайда кәсіби психологтардың және т. б. кездесулері  мен көмектерін ұсынады.

Мектептер а.ж. 6 сәуірінен бастап, студенттер үшін қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастырудан басқа сыртқы аудиториямен, оның ішінде нақты уақыт режимінде түрлі кездесулер, консультациялар және вебинарлар өткізу арқылы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын ұсынады және белсенді пайдаланады.

Осылайша, Жоғары білім беру мектебі мектеп профессорлары және докторанттарымен онлайн-вебинарлар топтамасын ұйымдастырды, оның аясында қатысушылар заманауи білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылауға және спикерлерге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Мысалы, 16 Сәуірде NUGSE ұйымдастырған вебинар 360-тан астам қатысушыларды жинады, олардың ішінде педагогтар, мамандар, Қазақстанның барлық аймақтарынан білім беру ұйымдарының басшылары. Жетекші вебинар инклюзия тақырыбы бойынша бірқатар жарияланымдардың авторы, профессор Мишель Сомертон NUGSE-де “Инклюзивті білім беру” мамандығы бойынша магистратура студенттеріне сабақ береді.

Профессор Сомертон қатысушыларды зерттеу нәтижелерімен таныстырып, инклюзивті мектептерде мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ оқушылар мәнерлеп оқу мен математикадан үздік нәтижелерін көрсетіп, достық қарым-қатынасты жақсы қалыптастырып, адамдардың ерекшеліктерін бағалай алатынын көрсетті. Ол сондай-ақ проблеманың кейбір заңнамалық аспектілерін қозғап, Қазақстандағы инклюзивті білім беру жағдайын жария етті. Сонымен қатар, профессор қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

17 сәуірде  Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі  ғылыми жетекшілер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, тәуелсіз зерттеушілер үшін вебинар өткізді, онда инклюзивті білім беру саласындағы зерттеулердің ерекшеліктері ашылды. Гүлмира Түсіпбекова, “Инклюзивті білім беру” докторлық бағдарламасының PhD кандидаты таңдалған тақырып аясында диссертацияларды дайындаудың негізгі кезеңдері туралы айтты.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі де қазіргі және болашақ талапкерлерге арналған онлайн-вебинарлар сериясын іске қосты. Вебинарлар кезінде кез келген ниет білдірушінің профессорлармен және қабылдау комиссиясының мүшелерімен сөйлесуге, сондай-ақ мектептің жабдықтары және зертханаларымен танысуға мүмкіндігі бар.

Дайындық мектебі инстаграмда (nufyp_official) тікелей эфир серияларын өткізуді жоспарлады. Осылайша, 16 сәуірде мектептің атқарушы директоры Қабдулшарипова Маржанмен алғашқы инфо сессия өткізілді. Мамыр айында Мектеп әртүрлі пән жетекшілерімен тікелей эфир өткізуді жоспарлап отыр.

Оқыту вебинарлары мен кездесулерді Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі түлектерінің қауымдастығы да өткізеді. Осылайша, 11 сәуірде қауымдастық 90-нан астам адамның қатысуымен дағдарысқа қарсы маркетинг бойынша FT MBA-2017 түлегі Лейла Лешовамен вебинар өткізді. 18 сәуірде “Болашақ мамандықтары: цифрлық дәуірде кім болу керек” вебинарын өткізу жоспарлануда, оның спикері BTS Education және “жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктің атласы” жобасының жетекшісі, National Geographic Kazakhstan ізгі ниет елшісі Саясат Нұрбек болады. Вебинарда Саясат Нұрбек болашақтың сұранысқа ие мамандықтары, еңбек нарығындағы жаңа трендтер және дамыту керек дағдылар туралы айтып береді.

Вебинарлар мен кездесулерден басқа, түлектер, ОПҚ, студенттер мен НУ ғылыми қызметкерлері түрлі онлайн-конференциялар мен кездесулерге қатысады, онлайн-режимде өздерінің бақылағандарымен, өмірден алынған тарихтармен, елдегі және әлемдегі ахуалмен, оқумен, бизнесті ұйымдастырумен және т. б. байланысты әртүрлі мәселелер мен проблемалар бойынша ұсынымдар мен тәжірибелермен бөліседі.