20.04.2020 жағдайы бойынша маңызды жаңартулар: кампусқа кіру және жүріп-тұру туралы

Сіздердің көпшілігіңіз көріп отырғандай, Қазақстан Республикасының Үкіметі ертеңгі күннен бастап экономикалық қызметтің кейбір түрлеріне  қызметтерін қайта бастауға және сол арқылы адамдардың кейбір санаттарына жұмысқа қайта оралуға мүмкіндік бере отырып, шектеулерді біртіндеп азайтатын жаңа өкімдер жинағын шығарды. Қазіргі кезде  бұл салалар бірінші кезекте ауыл шаруашылығын, құрылысты, инфрақұрылымды, өнеркәсіптің кейбір салаларын және олармен байланысты қызметтерді қамтиды. Көптеген адамдарды жинайтын іс-шараларға бұрынғысынша тыйым салынғанын атап өту маңызды: бірде-бір оқу орны, балабақшалар, бастауыш және орта мектептер, кәсіптік училищелер немесе университеттер мен институттар болсын, қайтадан ашыла алмайды. Сондықтан онлайн жүйесі жалғасуда. Соның салдарынан, кампустағы Монтессори мектебі әлі жабық болып қалады.

Жаңа ережелерге сәйкес, кампустың Медициналық орталығы сағат 15: 00 дейін емес, кешкі 16:00 дейін жұмыс істейтін болады. Бұл шектеулердің әлсіреуі Үкіметтің жағдайға оптимистік тұрғыда қарауының белгісі болып табылады, бірақ біз сақ болуға шақырамыз, өйткені инфекция санының өсуі, әсіресе Қазақстанда әлі төмендеген жоқ.

Ұлттық және қалалық басқарудың әртүрлі органдары тез өзгеріп отырған жағдайға жауап ретінде ережелер мен ұсыныстарды қайта қарауды жалғастыруда.

НУ басшылығы жағдайдың дамуымен ілесуге тырысады және біз мүмкіндік болғанда белгіленген нәрсені хабарлауды жалғастырамыз. Кампуста вирусты болдырмауда маңызды болған сақтыққа қатысты қателеспеу үшін, НУ біз алатын нұсқаулықты, қатаңдық жағына қарай еңістікпен түсіндіреді. НУ одан әрі хабарланғанға дейін келесі басшылыққа алынатын ұстанымдарды қолданады.

 

Кампусқа кіру және кампус ішінде жүріп-тұру ережелері:

Кампусқа бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруін болдырмау үшін ID карталарды тексеру жүргізіледі. Әрдайым ID картанізді өзіңізбен бірге алып жүріңіз және оны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне көрсетіңіз;

Дүкенге барғанда немесе көшеде физикалық қашықтық ережелерін сақтаңыздар, қарым-қатынас жасау және бірге ойнау үшін топтар жинақталмауы тиіс; және сіз кез келген адаммен кемінде 1,8 м арақашықтықты ұстануға тиіссіз;

Барлығы, оның ішінде балалар да көшеде маска киюлері керек;

 Кампустың аумағында және одан тыс жерлерде кешкі сағат 20: 00-ден таңғы 7: 00-ге дейін жүруге қатаң тыйым салынады;

  • Жұмысқа баруға, 
  • азық-түлік сатып алуға, 
  • дәріханаларға баруға, 
  • жеткізілімді алуға, 
  • қоқысты әкетуге немесе
  •  төтенше жағдайларда жүруге құқығы барлардан басқа адамдардың үйлерінде қалуы жалғасады;

 Балаларға үйден 500 м шамасында күніне 30 минут бойы көшеде болуға рұқсат етіледі. Барлық кәмелетке толмағандар үйден тыс жерде болғанда кез келген уақытта ата-анасының біреуі олармен ілесіп жүруі тиіс;

 Иттер таңғы сағат 8: 00-ден кешкі 19:00-ге дейін үйден 1 км шегінде ұзақтығы 30 минутқа дейін қысқа серуендеуге шығарылуы мүмкін. Бос жүрген иттерге тамақ бермеулеріңізді сұраймыз;

Иттерді сондай-ақ тек қана санитариялық мақсатта кешкі 22- 00-ден 22:15-ке дейін серуендетуге болады. Кампустағы күзет қызметі бұған қатай бақылау жасайды;

Тағамдарды ресторандардан тапсырыспен жеткізу уақыты сағат 22: 00-ге дейін ұзартылды. 19: 00-ден кейін, бірақ 22: 00-ге дейін әкелетін тауарларды жеткізу НУ қақпасынан алынуы мүмкін. Егер сіз 19: 00-ден 22:00-ге дейін жеткізіліммен келуді жоспарласаңыз, бұл туралы ғимараттағы тіркеу орнының қызметкерлеріне хабарлаңыз. Сізге кампустан кетпегенше жеткізілімді қабылдап алуға қақпаға баруға рұқсат беріледі;

Жиналатын орындар мен саябақтар әлі де жабық болып қалады, бұл сонымен қатар жаттығу мен кампус аумағындағы барлық ойын алаңдарын қамтиды;

Көшеде жүгіру, жаяу серуендеу, велосипедпен жүру және басқа да физикалық жаттығулар жасауға әлі де тыйым салынған.

Бұдан басқа, біз кампустағы өмірді жақсарту үшін тағы да бірнеше өзгерістерді жасаймыз.

  • Осы аптада біз 38-блокта су диспенсерін пайдалану үшіні тиын айырбастауды қамтамасыз етуге тырысамыз. Шарттары кейінірек жарияланады;
  • Біз Үкімет пен әкімдіктің түрлі қаулыларын аударуды жақсартуға тырысамыз, сіздің шыдамдылығыңызды бағалаймыз және ақпаратты мүмкіндігінше тезірек алуға тырысамыз;
  • Орысша немесе қазақша нашар сөйлейтін кампус тұрғындарына  тамаққа немесе дәрі-дәрмекке тапсырыс беру үшін көмекке жүгінуге болады. Сонымен қатар, онлайн тапсырыс берілген тауарларды жеткізуді жеңілдету үшін, Сіз ғимараттағы тіркеу орнында осындай ұсыныстарды таба аласыз.

Біз барлықтарыңызға өзара қолдау көрсеткендеріңіз және ынтымақтастығыңыз үшін тағы да алғыс айтамыз. Бұл шын мәнінде ерекше уақыт және біз бәріміз бірге күресеміз. Біз жаңа ақпарат түскен сайын сіздерге хабарлап отырамыз.