Назарбаев Университетінің магистратура және докторантура бағдарламалары үміткерлеріне арналған онлайн ақпараттық күні

Мам 5, 2020

Назарбаев Университеті магистр және доктор дәрежелерін алуға қызығушылық танытқандарды онлайн ақпараттық күніне шақырады. Шара барысында Университеттің академиялық бағдарламалары мен жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат алуға, профессорларымыздың қызықты тренингілеріне қатысуға, сондай-ақ Қабылдау  департаменті өкілдерінен  және студенттерімізден грантқа оқуға түсу бойынша кеңес алуға болады.

Ақпараттық сессияларға қатысып, жаңалықтардан хабардар болыңыздар!

 

Өтетін күні: 2020 ж. 8-мамыр, 12.00 - 16.30 Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен

Өтетін жері:

Ақпараттық сессиялар Zoom платформасында өтеді.

Сонымен қатар Youtube желісінде көрсетілетін болады.

Бағдарлама

Time

Мектеп/Департамент

Сессия тақырыбы

Спикер

12:00

Қабылдау департаменті, 

Назарбаев Университетінің студенті

Назарбаев Университеті магистратура және докторантура бағдарламаларына қалай түсуге болады

Модератор: Нурхан Омарбеков - Аға менеджер;

Спикер: Лейла Негимова - Аға менеджер;

Ернур Оракбаев - Жоғары бизнес мектебінің студенті 

12:35

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Назарбаев Университеті түлектерінің жұмыспен қамтылуының қазіргі жағдайы

Гайни Есембекова - Аға менеджер

13:05

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу неліктен қажет

Луис Рохас - Докторантура бағдарламаларының директоры, Қауымдастырылған профессор 

13:35

Жоғары бизнес мектебі

Жоғары бизнес мектебі бағдарламаларына құжат дайындаудың тиімді жолдары

Арайлым Магауина - Аға менеджер

14:05

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Уәждеме хатты қалай жазу керек

Шейн Коутс - Инструктор

14:35

Жоғары білім беру мектебі

Жоғары білім беру мектебі бағдарламаларына қалай түсуге болады және түсу мүмкіндігін арттыру жолдары

Нориин Дуррани - Профессор

15:05

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Тау-кен ісінде мансап құру - батыл шешім

Сафет Ягиз - Қауымдастырылған профессор

15:35

Медицина мектебі

COVID-19 емдеу: препарат табу құпиясы

Мохамад Альджофан - Ассистент профессор

16:05

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Болашаққа бетбұрыс

Рикардо Пелицо - Зерттеу ісі жөніндегі Вице-декан 

Іс-шараға қатысуға қажетті сілтеме тіркелуден өткенннен кейін жіберіледі.