Назарбаев Университетіндегі Инновациялық оқу орталығы және қашықтықтан оқыту

6 сәуірден бастап Назарбаев Университетінің барлық студенттері үшін онлайн режимінде сабақтар басталды. Университет оқытушылары Moodle, Zoom, Qualtrics, PowerPoint; электронды журналдар мен кітаптар, оқулықтар сияқты Университеттің оқу ресурстарын және Инновациялық оқу орталығының ресурстарын пайдалана отырып, онлайн сабақтар өткізеді.

Инновациялық оқу орталығы – бұл Провост офисінің бөлімшесі және ашық платформа, онда Назарбаев Университетінің профессорлары мен оқытушыларына зерттеу мен оқытудағы инновациялық тәсілдерді дамыту үшін әртүрлі ресурстар және қолдау ұсынылады. Сонымен қатар, Орталық қашықтықтан оқыту кезінде курстарды әзірлеу, оқыту мен бағалау саласындағы  мультимедиялық құралдарды қолдануға көмектеседі.

– Біздің оқытушы-профессорлар құрамы әрдайым басымдықта және біз студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыруға көмектесеміз, – дейді  Инновациялық оқу орталығының аға менеджері Айман Хамитова.

Орталықтың негізгі мақсаты – жоғары сапалы мультимедиялық білім беру контентін әзірлеу кезінде оқытушыларға қолдау көрсету, сондай-ақ оқу жоспарын жақсартуға және цифрлық технологиялар саласында талантты оқытушыларды дамытуға бағытталған тренингтер өткізу.

Орталықтың бір бөлігі дыбыс өткізбейтін екі үй-жайы бар Инновациялық оқу студиясы болып табылады, онда бөлмелердің бірі бейне-сұхбат жүргізуге ыңғайлы, ал екіншісі аудиожазбалар үшін пайдаланылады, өйткені реверберацияға аз уақыт бөлінеді. Студия толығымен кәсіби аудиовизуалды жабдықтармен жабдықталған және мұнда әрдайым НУ оқытушыларының кез келген жобаларын іске асыруға көмектесуге дайын.

«Әдетте біз дәстүрлі дәрістерді аралас курстарға немесе онлайн-курстарға ауыстырамыз. Біз пайдаланатын құралдар мен ресурстар оқытушылардың қажеттіліктеріне және олардың курстарынының тақырыптарына байланысты болады. Курстарды жақсарту үшін біз микс-медианың әр түрлі стильдерін жеке түрде таңдаймыз»,– деді Рикардо Браганса, Инновациялық оқу орталығында оқу материалдарының графикалық дизайнері.

Айта кетейік, Орталық инновациялық білім беру тәжірибелеріне арналған  инкубаторға айналғысы келеді, мұнда Университеттің оқытушылары өз эксперименттерін жүргізетін болады.

Университет қажеттіліктеріне жауап бере отырып, Др Анна КоэнМиллер, Жоғары білім беру мектебінің ассистент профессоры, Инновациялық оқу орталығындағы өзінің жұмыс тәжірибесімен және жаңа технологияларды қалай біріктіруге болатын ойларымен бөліседі. Алдымен Др КоэнМиллер онлайн режиміндегі оқуға көшу туралы шағын мақала жазды, содан кейін өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, онлайн режиміндегі оқуға көшу жөніндегі практикалық кеңестері бар құжат жасады.

«Онлайн режиміндегі оқуға көшу қажеттілігімен бетпе-бет келген оқытушыларды қолдау үшін бірнеше құрылтайшы мүшелермен біз «Higher Ed Learning Collective» жобасын іске қостық. Қазіргі уақытта жобада 100-ден астам елдің атынан 25 000-нан астам мүше, олардың 100-ден астамы Қазақстанда. 400 000-нан астам постылар, түсініктемелер мен пікірлер жазылды», – деді  Д-р Анна КоэнМиллер.

Др КоэнМиллердің ұжымдық қолдау және НУ-да және халықаралық деңгейде жоғары білімнің болашағы туралы идеялармен алмасу мүмкіндіктерін алға жылжыту бойынша жұмысы көптеген пәндердің оқытушылары үшін өзекті болып қала береді. Оның кеңестері мен ресурстары әлеуметтану және білім беру бойынша халықаралық басылымдарда және репозиторияларда жарияланды.

Сонымен қатар, НУ-дың кейбір оқытушылары кең аудиторияға пайдалы болуы мүмкін контент жасайды. Сондай-ақ олар өздерінің білімдерімен тек НУ-дың студенттерімен ғана бөліседі, кейбіреулері онлайн-курстарды жазып, өздерінің YouTube арналарында бейнелерді жариялайды.

Мысалы, өз студенттеріне дәріс оқығаннан кейін доктор Марек Йохец, қауымдастырылған профессор және Жоғары бизнес мектебінде қаржы жөніндегі магистратура бағдарламасының академиялық директоры, орыс тілінде қаржылық тақырыптарды түсіндіретін бейнероликтер сериясын жасады.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің көптеген оқытушылары онлайн-құралдарды белсенді түрде пайдаланады. Мысалы, доктор Тохид Ализаде өзінің курстарына арналған бірнеше YouTube арналарын құрды. Атап айтқанда,  олардың бірі «Өнеркәсіптік автоматтандыру» курсы үшін құрылды және CODESYS пайдаланып, БЛК бағдарламалауды түсіндіретін қысқа бейне-лекцияларды қамтыды. Бұл арна халықаралық қоғамдастықтың үлкен назарын өзіне аударды (5000-нан астам жазылушылар және 750 мыңнан астам көрулер) және жақында CODESYS компаниясы оны пайдалы ресурстардың бірі ретінде атап өтті.

Тағы бір мысал – д-р Випин Кижеппаттың YouTube арнасы, «Кіріктірілген микроконтроллер» пәні бойынша «Пайдаланушы бағдарламалайтын вентильді матрица (FPGA)» тақырыбындағы онлайн сабақтар.

Зертханалық сабақтар кез-келген инженерлік бағдарламаның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені дәл осы зертханаларда студенттер дәріс кезінде алған теориялық білімдерін пайдалана отырып, өз бетінше эксперименттер жүргізеді. Оларды онлайн өткізу мүмкін еместігіне байланысты, Др Мехди Багери «Сызықсыз бұрмалауларды талдау» тақырыбында зертханалық эксперимент бойынша бейне жазды. Бейнені көргеннен кейін студенттерге эксперимент нәтижелерін талдау, содан кейін зертханалық есеп жазу тапсырмасы берілді.

Осы қиын уақытта Назарбаев Университеті мен оның оқытушылары қашықтықтан оқыту құралдарын табысты енгізе отырып, студенттерге өз әлеуетін дамытуға және үнемі өзгеріп отыратын әлемге бейімделуге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, НУ сайтында COVID-19 арнайы беті ашылды, онда студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер “жиі қойылатын сұрақтар” секциясында өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап таба алады.