НУ тест орталығы сыртқы бағалаудан сәтті өтті

2020 жылдың наурыз айында НУ тест орталығы ETS (Educational Testing Service) орталығының серіктесі өткізген аудиттен сәтті өтті. Жүргізілген аудит қорытындысына сәйкес, НУ тест орталығы барлық талаптарды орындайды және ETS қауіпсіздігінің барлық стандарттарына сәйкес келеді.

Білім беруді тестілеу қызметі – талапкерлерге арналған «іріктеу тестісі» [Scholastic Assessment Test] стандартталған бағдарламасы бойынша тестілеу жүргізетін және емтихан ұйымдастыратын АҚШ-тың ең ірі жеке коммерциялық емес ұйымдарының бірі. Бұл қызмет жарты ғасыр бұрын (1947 жылы) АҚШ-та құрылған және жылына 1,5 млн. астам емтихан өткізеді.

“НУ тест орталығы мен Үздіксіз білім беру департаментінің қызметкерлері тестілеудің қауіпсіз, адал және ашық ортасын құру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Бұл сыртқы бағалау және орталықтың танылуы олардың ынталы жұмысының арқасында мүмкін болды. Біздің Тест орталығы алдағы уақытта да барлық ережелерді міндетті түрде орындап, ETS-тің барлық қауіпсіздік стандарттарын сақтайтын болады”, – деді Үздіксіз білім беру департаментінің басшысы Жанар Молдашева.

Тест орталығы ETS-тен басқа, College College Board, ETS Global, Pearson VUE сияқты ірі халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

НУ Тест орталығы халықаралық стандартталған тестілерді өткізу үшін 2017 жылы құрылғанын айта кету керек. Мұнда барлық тест тапсырам деушілерге халықаралық стандартталған тестілерді тапсыру, сондай-ақ сынақ тестілерінен өту мүмкіндігі беріледі.

Бүгінгі күні тест орталығы:

  • SAT-ді өткізу бойынша Қазақстандағы ең үлкен тест орталығы (ең көп саны – бір тест күні 200 адам);
  • Нұр-Сұлтан қаласында жалғыз GRE GRE, TOEFL компьютерлік тестілерді өткізу бойынша тест орталығы;
  • Нұр-Сұлтан қаласындағы жалғыз ETS Global халықаралық стандартталған тестілерді өткізу бойынша тест орталығы (TOEIC, TOEFL ITP, TOEFL iBT және т.б.) болып табылады.

Орталықта тестіленушілердің саны жыл сайын өсуде. Егер 2017 жылы олардың саны 235 болса, 2018 жылы – 1122, ал 2019 жылы – 1207 адам болды. Орталықта келесі тест түрлерін өтуге болады: тыңдау және оқу үшін TOEFL PBT, GRE PBT, SAT, TOEIC ®, TOEIC ® Speaking, Writing, TOEIC ® speaking, TOEFL ITP ® , TOEFL ® Junior Standard, TOEFL ® Junior comprehensive, TOEIC Bridge ™ , Халықаралық тестілік француз тілінен тесті (TFI ™ ), TOEFL iBT, GRE CBT, GMAT, PMI.

2018 жылы НУ орталығының қызметкерлері әріптестерімен бірлесіп, ETS Global-дың “Ілгерілеуді бағалау – сіздің мекемеңіздің табысқа жетуі үшін ETS тестілері” атты алғашқы конференциясын өткізді. Конференция халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ағылшын тілін меңгеруді халықаралық сертификаттау саласында қазақстандық ұйымдар мен компаниялардың интеграциясы үшін өзіндік алаң болды, сондай-ақ нетворкинг үшін мүмкіндік берді. ETS Global өкілдері халықаралық тестілерді өткізу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықта ТОЕІС-ті табысты қолдану тарихы туралы айтты.

Конференцияға министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық және халықаралық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстанның ЖОО, мектептері мен ҮЕҰ-ның 100-ден астам өкілдері қатысты.

2019 жылы НУ Тест орталығы ынтымақтастығы үшін дипломымен марапатталды. TOEIC ® тестін білімді тестілеу саласындағы әлемдік көшбасшы қызметі Educational Testing Service (ETS) әзірледі. TOEIC ® жүйесі іскерлік ағылшын тілін меңгеруді сертификаттау саласындағы әлемдегі ең үздік жүйелердің бірі болып табылады. Бұл тестілеуді жұмыскерлері жұмысқа орналасқан кезде TOEIC ® тестін тапсыратын “Сименс”,” Альянц”,” Проктер&Гэмбл”,” Хьюлетт Паккард “/Compaq және” Кока-Кола”,” Теңізшевройл және басқалар сияқты ірі халықаралық компаниялар таныған.

НУ Тест орталығында халықаралық тестілерден өтуге қатысты қосымша ақпарат алу үшін Үздіксіз білім беру департаментіне: Назарбаев Университеті, 7 блок, 7е118, 7е119 кеңселері және 70 59 00, 70 63 74 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Электрондық пошта: dll@old.nu.edu.kz

Веб-сайт: dll.nu.edu.kz

Instagram: dll_nu