Төтенше жағдай мен карантинді ұзарту туралы ақпарат

Құрметті Назарбаев Университеті қауымдастығы,

Сіздерге осы ақпарат арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырдың 00:00-ге дейін ұзартылғанын еске саламыз.

Оқушылар мен студенттерді оқыту қашықтықтан және онлайн жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ Назарбаев Университетінде, елдегі басқа да бірқатар ұйымдар сияқты қашықтықтан жұмыс жүзеге асырылатын болады, егер де олар жұмысын 20 сәуірде қайта бастаған немесе барлық өңірлерде 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген болса (төменде тізімге сәйкес):

  • аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);
  • фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
  • шаштараздар (жазылу бойынша);
  • медицина орталықтары (жазылу бойынша);
  • стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);
  • жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
  • шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Қазақстан Республикасында және әлемде тіркелген COVID-19 аурудың өсуі жалғасып отырғанын ескере отырып (3 920 және 3 484 176 жағдайларына тиісінше), әрқайсыңызды карантиндік режимді қатаң сақтауыңызды сұраймыз. Көшеде болуды шектеңіз және қоғамдық орындарға, оның ішінде аулалар мен саяжайларға бару кезіндежергілікті билік органдары белгілеген таңертеңгі сағат 6-дан кешкі 8-ге дейін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз. Соңғы аптада кампустың тұрғындарына карантин шарттарын сақтауға қатысты егжей-тегжейлі бірнеше жеке хабарламалар жіберілді.

Жоғарыда көрсетілген шектеулерді қатаң сақтаңыз және басшылығыңызбен: мектеп декандары немесе құрылымдық бөлімшелер мен ұйымдардың басшыларымен келісе отырып, жұмыс кестесі мен жұмыс режимін ұстаныңыз.

 

Ізгі ниетпен,

Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаменті