«Ғылым қоры» АҚ «Стоп-Коронавирус» байқауының қорытындылары

2020 жылдың 3-17 сәуір аралығында «Ғылым қоры» АҚ коронавирус инфекциясының  таралуына жол бермеуге және оның салдарын жоюға бағытталған тиімді шешімдер табу мақсатында «Стоп-Коронавирус» конкурсын ұйымдастырып өткізді. Байқауға бүкіл Қазақстаннан 140-тан астам өтінім қатысты. Коронавирусқа қарсы күрес бойынша ғалымдар, кәсіпкерлер мен медицина қызметкерлері өз ұсыныстарын берді.

Бірінші кезеңде қазылар алқасы финалға қатысатын 39 өтінімді таңдап алып, алдын ала іріктеу жүргізді. Екінші кезеңде, конкурстың финалында авторлар өз жобаларын онлайн-режимде таныстырып, қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына тікелей эфирде жауап қайтарды. Трансляция Facebook әлеуметтік желісінде BILIM PLUS білім беру платформасында жүргізілді. Онлайн формат бағалау процесінің барынша ашықтығын қамтамасыз етті және барлық қатысушылар қолдау білдірді.

Профессор Зинетұла Инсепов жетекшілік еткен «Халықаралық деңгейдегі ғалымның Якорлық жобасы» жобалау тобы конкурсқа нано-кеуекті графен және графен оксиді материалдарын, сондай-ақ қазақстанның диатомитін практикалық қолдану саласындағы бірнеше жобаларды ұсынды.

Біріншісі: Қазақстан диатомитінің негізінде қорғаудың 1-4 деңгейіндегі бір реттік  және көп реттік  респираторлық маскалар үшін инфекцияға қарсы терең сүзгі  сорбент жасау. Бұл жобада алғаш рет микрорганизмдер мен вирустарды терең сіңіруді және залалсыздандыруды қамтамасыз ететін қорғаныш респираторлық маскалардың толтырғышы – сорбентті құру үшін диатомитті пайдалану ұсынылады. Диатомиттің құрылымы мен химиялық құрамының ерекшеліктері оған кеуектің өзінің номиналдық өлшемінен аз мөлшердегі бөлшектердің үлкен пайызын ұстап қалуға және  оларды залалсыздандыруға мүмкіндік береді.

Респираторлық масканың картриджі түріндегі мұндай сорбент оның тиімділігі мен қызмет ету мерзімін ұлғайтады. Маска ауысымды картриджі бар нұсқада орындалуы мүмкін, бұл оның көп рет қолданылуын қамтамасыз етеді. Табиғи минералдың негізіндегі терең сорбент масканың құрамында оны қолданғаннан кейін де қауіпсіз етеді. Осылайша, жергілікті табиғи шикізат негізіндегі қорғаныс маскасы қазір сатылымда бар шетелдік қымбат және әрқашан тиімді аналогтарға қолжетімді және тиімді балама бола алады. Осы ғылыми зерттеме бойынша топ ҚР патентіне өтінім берді және тіркелді.

Екіншісі: Диатомиттің табиғи минералы негізінде микробқа қарсы және вирусқа қарсы әсері бар дезинфекциялық композиция. Бұл жобада алғаш рет диатомит басқа да көптеген дезинфекциялау құралдары сияқты бактериялық жасушалардың, вирусты бөлшектердің және қарапайым ағзалардың резистенттілігінің дамуына ықпал етпейтін, әртүрлі қолдану салалары үшін уыттан тыс дезинфекциялау құралы ретінде препаратты әзірлеу үшін қолданылады. Препараттың құрамына кіретін модификацияланған диатомит бактериялар мен вирустар жасушаларының, сондай-ақ өңделетін беттердегі органикалық заттардың адсорбциясына ықпал етеді. Әзірленген дезинфектанттың үнемді формуласы нарықтағы дезинфекциялық құралдардың перспективалы баламасы болуы мүмкін. Осы ғылыми зерттеме бойынша топ ҚР патентіне өтінім берді және тіркелді.

Конкурс нәтижелері бойынша екі жоба да Үкіметтің қарауына, сондай-ақ мүдделі инвесторларға ұсынылды.

Екі жоба да коммерцияландыру үшін айтарлықтай әлеуетке ие болып отыр, бұл отандық тауарлар нарығын дамытуға және ҚР диатомит саласын дамытуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта жобалау тобы «Ғылым қоры» АҚ өкілдерімен және Bilim Plus білім беру платформасымен жобаларды одан әрі ілгерілету және оларды коммерцияландыру үшін инвесторларды іздеу бойынша жұмыс жүргізуде.