НУ ғалымдарының жобасы ғалымдардың таңдаулы ТОП-30 командалардың қазақстандық рейтингіне енді

Медицина ғылымдарының докторы Алмагүл Кушугулованың жетекшілігімен NLA ғалымдары әзірлеген сапалы ұзақ өмір сүруге арналған өнімді өндіріске енгізу жөніндегі НӘР синбиотигі жобасы Ғылым қоры ғалымдарының таңдаулы 30 командасының қатарына енді.

Естеріңізге сала кетейік, “НӘР” синбиотигі – бұл бірқатар бірегей қасиеттері бар, оның ішінде иммунитетті арттыратын және белсенді ұзақ өмір сүруге ықпал ететін алғашқы функционалды тамақ өнімі. Айталық, өнімнің қант диабеті, артериялық гипертензиясы, семіздік/артық салмағы, метаболикалық синдромы және кардиоваскулярлық ауруы бар адамдарға терапевтілік тиімділігі клиникалық дәлелденген. “НӘР” сондай-ақ онкологиялық аурулардың, оның ішінде колоректалды обырдың алдын алу кезінде де таптырмайтын шипа. Бұл тамақ өнімдері өнеркәсіп өндірісінің отандық нарығына шыққан қазақстан ғылымның алғашқы және бірегей өнімі.

Ғылым қорының рейтингі алғаш рет құрылды және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін сәтті коммерцияландыруға қол жеткізген қазақстандық ғалымдардың жобалық командаларын қамтиды.  

– Рейтинг ғылыми ортаның нақты міндеттерді шешуге тартылуының тағы бір көрсеткіші болады. Қазіргі ғылымның – жаңа әзірлемелердің қажеттілігі есебінен экономикалық қолданбалы сипаты болуы тиіс. Іс жүзінде ғылыми тұрғыдан елеусіздеу болып көрінген жұмыс миллиондаған кіріс әкелуі мүмкін. Ал жарқын идея  әрқашан коммерциялық табысқа кепілдік бермейді, -деп атап көрсетті “Ғылым қоры” АҚ Басқарма Төрағасы Арын Өрсариев.

Рейтингті қалыптастыру принципі 2 құрамдас бөлікті ескереді: сату көлемі мен авторлық сыйақы, сондай-ақ жарияланымдар белсенділігі. Ғылыми жарияланымдар мен коммерциялық нәтиже теңгерімі ғалымдардың экономиканың дамуына қосқан нақты үлесін көрсетеді.

Рейтинг Жас ғалымдар кеңесінің өкілдерімен бірге және Clarivate Analytics ақпараттық-талдау ресурстарының деректерін пайдалана отырып қалыптастырылды.

2017-2019 жылдар кезеңінде Ұлттық Ғылыми кеңестің ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру үшін гранттар бөлу туралы шешімі бойынша “Ғылым қоры ” АҚ жалпы сомасы 17 млрд.теңгеден астам 157 жобаны қаржыландырды.