Назарбаев Университетінің профессоры Жапония орденінің иегері атанды
Бүгін 2020 жылдың 29 сәуірінде Жапония Үкіметі Жапонияның императоры Назарбаев Университеті «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы, National Laboratory Astana Бас Директоры, профессор Жақсыбай Жұмаділовті «Мойынға байлайтын алтын сәулелер лентасы бар Көтеріліп келе жатқан күн орденімен» марапаттайтынын хабарлады.
Орден қазақстандық ғалымға Жапония мен Қазақстанның арасында радияциялық әсерді зерттеу және зардап шеккен адамдардың денсаулығын нығайту саласындағы қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін тапсырылатын болады.
Жапон императоры атынан ордендермен Жапониямен достықты дамыту саласында және басқа да салалардағы көрнекті еңбегі үшін шетел азаматтары марапатталады.
Жапония императорының ордендерімен әр уақытта марапатталған қазақстандықтардың арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, профессор Төлебай Рахыпбеков, ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және ҚР басқа да көрнекті қайраткерлері болғанын атап көрсету керек.
Жақсыбай Шаймарданұлын осынау лайықты жоғары марапатымен құттықтаймыз және оған шығармашылық табыс тілейміз.