Siri және Alexa қазақ тілінде сөйлейді

Siri және Alexa сияқты бағдарламалар қазақ тілінде сөйлегенін қалайсыз ба?

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары сөз тану және сөз синтезі технологияларын қазақ тілінде қолдану үшін қазақ тіліндегі дауыстық деректерді жинауды бастады. Бұл технологиялар Siri, Alexa және Cortana сияқты танымал виртуалды ассистенттерде қолданылады. Болашақта осы деректер жиынтығы қазақ тілінде басқа бағдарламалар/қосымшалар жасау үшін пайдаланылатын болады.

Сіздің көмегіңіз өте маңызды. Ол үшін сілтеме бойынша өтіп, экранда көрсетілген сөйлемдерді қазақ тіліндегі дауыстап оқу жекткілікті. Неғұрлым көп сөз жиналса, соғұрлым тез бағдарламалар жасалады. Әр адам бірнеше рет қайтып кіре алады.

Мүмкіндік болса, осы ақпаратты таратуды сұраймыз.
https://issai.nu.edu.kz/kzspeechcorpus/