Компаниялардың басшылары мен топ менеджментін неге оқыту керек?

Бенджамин Франклин білімге инвестициялар ең көп пайда әкелетіні туралы айтты. Салалық конференциялар мен компаниялар басшыларын оқыту жөніндегі іс-шаралар тиімді ме? Ұйымның игілігі үшін оларды қолдану тұрғысынан кездесулер мен іс-шаралардың қандай да бір құндылығы бар ма? Және қандай дәрежеде?

Профессор ДиВанна Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде Қаржы және банк ісі бойынша курстардан сабақ береді. Ол сондай-ақ Ұлыбританиядағы Кембридж университетінде сабақ береді. Ол басшыларды оқыту-бұл екі бағытты диалогта адамдардың білімі мен тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі деп санайды. 

НУ ЖБМ қысқа мерзімді бағдарламалары жайлы ақпаратты осы жерден білуге болады.

Профессордың айтуынша, кездесулер немесе іс-шаралар үшін дәстүрлі құнды ұсыныс қарапайым болды: беру және алу. Яғни, сөз сөйлеушілер, спикерлер немесе оқытушылар идеялар мен тұжырымдамалар берді, ал аудитория білім алушы болды. Бүгінде корпорациялар оқыту іс-шараларына қатысумен байланысты шығындарды негіздеуге тырысады, сондықтан құнды ұсыныс жаңа өлшемге ие болады. Құндылықтың жаңа формуласы – бер-ал-пайдалан”. Жоғары басшылық білім алмасу шынымен ұйымның игілігі үшін қандай дәрежеде қолданылатынына күмән тудырады. Сондықтан барлық білім беру провайдерлерінің бұл пайданы және оны қалай алу керекетігін нақты түсінуі және көрсетуі маңызды.

Басшыларға арналған дәстүрлі білім беру іс-шаралары – ұйымның ұжымдық ақыл-ойы жиналатын оқиға. Және, әрине, мұндай оқиғалардың көпшілігі әлі де бір жақты алмасу болып табылады. Қатысушылар өздерінің корпоративтік мақсаттарына қол жеткізу үшін алынған тәжірибені қолдану жолдарын іздейді. Негізгі құнды ұсыныс оқу процесі мен ұйым қызметінің нәтижелерін байланыстыру болып табылады. Осылайша, іс-шара құндылықтар жүйесіне сәйкес келуі тиіс, онда пайдасы есте сақтау, нақтылық, көрсету, пәрменділік және өлшемділік сияқты қасиеттер тұрғысынан бағаланады.

Оқу іс-шарасының есте қаларлық аспектісі қалыптасқан пікірлерге қарсы сын-қатерлерді білдіретін және одан әрі ойландыруға шабыттандыратын “вау-фактор” (“мен білмеген нәрсені білдім”) болып табылады. Шынайылық тарихтарды баяндау арқылы беріледі, өйткені білім өткен тәжірибені қазіргі мүмкіндіктер мен проблемалармен байланыстырады. Адамдар бірдеңені бастан кешіре немесе өз көзімен көре алатын кезде үйренеді; егер тұжырымдама салыстырмалы тұрғыда көрсетілуі мүмкін болса, адамдар өз компаниясына қатысты оны қалай қолдану туралы ойлана бастайды. Білім беру іс-шарасының ең сенімді аспектілерінің бірі іс жүзінде іске асырылуы мүмкін нәтижелер тобын құру болып табылады. Мысалы, 10 үздік мүмкіндіктер тізімі, SWOT-талдау жүргізу және мүмкіндіктерді пайдалану үшін ресурстарды бөлу. Іске асырылатын нәтиже тек қана зерттелген нәрсені бизнестің түрлі аспектілеріне, айқын операциялық топтарға немесе нақты адамдарға оңай қолдануға болатынын білдіреді. Өлшеулерді келесі суретте көрсетілген оқиғаларды жоспарлаушылар үшін жалпы құн теңдеуін арттыру үшін тиімділіктің дәстүрлі негізгі көрсеткіштері мен инвестициялардың өтелімділік есептерімен (ROI) байланыстыруға болады:

Қазіргі бизнес-климатта барлық іс-шаралар екі негізгі факторды қамтуы тиіс екенін түсіну өте маңызды:

– білім беру элементі (мысалы, теория, озық тәжірибе, тақырыптық зерттеу, қызметкердің дағдыларын, құзыреттілігін жақсартуға және/немесе мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік беретін мазмұны),

– жаңадан алынған білімді практикалық қолдану (мысалы, араласудан кейін қолданылатын құралдар, тәсілдер, әдістер).

Қатысушыларға алған білімдерін өз жұмысында немесе бүкіл ұйым шеңберінде кездесетін мүмкіндіктер мен проблемаларға қолдануға мүмкіндік беретін құралдарды ұсыну негізгі сәт болып табылады. Әрбір оқу іс-шарасында белгілі бір нәтижемен интерактивті сабақтар болуы тиіс, ол болашақта ұйымның ағымдағы немесе болашақ қажеттіліктеріне қолданылуы мүмкін.

НУ ЖБМ түрлі салаларда жұмыс істейтін мамандарды біріктіретін және алған білімі мен дағдыларын компанияның игілігі үшін одан әрі жұмыс істеу үшін пайдалануға көмектесетін жетекші-студенттер үшін бірегей оқыту ортасы бар EMBA бағдарламасын ұсынатынын айта кету керек.