Назарбаев Университеті: 10 жыл қорытындысы және жаңа белестер

 

Биыл Назарбаев Университеті өзінің алғашқы ірі мерейтойын атап өтеді: бізге 10 жыл!

Өздеріңіз білетіндей, мерейтой – бұл өткен жолға қайта қарау, сондай-ақ жаңа белестерді айқындау, жаңа жоспарлар мен жобалар құру мүмкіндігі. Осы 10 жыл ішінде не істелді және қандай жетістіктер бар? – дәл қазір көпшілікті толғандыратын сұрақтар.

Ең алдымен, 2011 жылы НУ мәртебесі туралы заңның қабылдануы академиялық еркіндік пен дербестік қағидаттары негізінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Студенттерді қабылдау, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерді жалдау кезінде біз меритократия қағидаттарына сүйенеміз. Академиялық адалдық және ашықтық - біздің басты белгіміз.

 

Сандармен

Біздің барлық академиялық бағдарламаларымызда біз оқу мен ғылымды біріктіреміз. Біздің ғылыми-зерттеу қызметіміз – бұл біздің жетістіктеріміздің басты көрсеткіштерінің бірі. 2011 жылдан бастап НУ ғалымдары мен студенттері 3,789 ғылыми мақала жариялады. Жарияланымдардың жалпы санының 13,7% -ы әлемдегі ең көп жарияланған ондықтың қатарына кіреді. 2016 жылы Thomson Reuters агенттігі НУ-ды Қазақстандағы ең көп дәйексөз келтірілетін зерттеу мекемесі деп таныды. Мақалалардың 28,4% үздік 10 халықаралық ғылыми журналдарда жарияланды. Жарияланымдардың дәйексөздерінің орташа өлшенген индексі 2019 жылы 1,23-ті құрады, бұл Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен алда келеді. және Сеул ұлттық университеті және Токио университетімен тең дәрежеде. Бұл көрсеткіш әлемдік рейтингтердің 20-30%-ын құрайды.

Фото дереккөзі: 2019 жылғы 13 қарашадағы жағдай бойынша SciVal арқылы Scopus дерекқоры

Кез келген университеттің жетістігі үшін басымды және жоғары сапалы ғылыми бағдарламалар өте маңызды. Сондықтан ғылыми зерттеулердің қалыптасуы бүкіл университетте оқытушыларды, зерттеушілер мен студенттерді тарта отырып, бағдарламалар мен жобалар арұылы жүзеге асырылады. Жетекші зерттеу университеттерінің үлгісіне сүйене отырып, біздің оқытушылар ғылыммен айналысады, ғылыми-зерттеу бағдарламаларына үнемі қатысады, өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялайды, сондай-ақ университеттің қолдауымен әлемдегі зерттеу институттарымен және ғылыми қызметкерлермен байланыс орнатады.

Сонымен, университет ғалымдары дәл егістікке арналған онлайн-қызметтерді ұсынатын біріктірілген платформа EGIStic сияқты жобаларды әзірледі және іске асырды; деректерді талдауды және оның нәтижелерін бағалауды жеңілдететін геномдық деректерді талдаудың жетілдірілген әдіснамасы әзірленді; қоқысты қайта өңдеу және оны жылу маусымында жылу энергиясын өндіру үшін пайдалана отырып, қатты тұрмыстық қалдықтардан (ҚТҚ) энергетикалық отын алу мүмкіндіктері және басқа да жобалар ұсынылды. Елде пандемияның таралуына қарсы күресу мақсатында Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының зерттеушілері (ISSAI) Қазақстан үшін COVID-19 симуляторы әзірлемесін енгізді, ол түрлі параметрлерден тұратын әртүрлі сценарийлер негізінде аурудың таралуын көрсетеді, әртүрлі сценарийлер үшін нәтижелер шығарады, сондай-ақ аурудың таралуын интерактивті картада көрсетілуі мүмкін.

 

Қазір НУ түлектері қайда

10 жыл ішінде университет студенттердің 6 ағымын шығарды, олардың соңғысы жақында дипломдарын алды. Жалпы алғанда, бірнеше жыл ішінде 4600 адам университеттің түлегі болды. Университет студенттерінің 94% -нан астамы бүгін Қазақстанда жұмыс істейді және ғылым мен ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады.

Университеттегі дамыған стартап мәдениеті түлектерге Кремний алқабында, Facebook, Google және Apple әлемдік IT-алыптарында өздерін танытуға мүмкіндік береді. Түлектер сондай-ақ Қазақстан экономикасын, денсаулық сақтауды, мемлекеттік секторды және білім саласын дамытады, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, BI group, ERG, елдің медициналық және ғылыми орталықтарында жұмыс істейді.

Түлектердің кейбіреулері - 1000-нан астам адам елде және шетелде магистратура және докторантура бағдарламаларында оқуларын жалғастыруда. Алынған білім мен зерттеу дағдылары олардың 500-ге жуығының әлемнің үздік университеттеріне: Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Колумбия университеттері, Массачусетс технологиялық институты, Сингапур Ұлттық университеті, Стэнфорд және т.б. грантқа түсуге мүмкіндік берді. НУ-да оқу кезінде әлемдік жетекші журналдарда жарияланған студенттердің ғылыми зерттеулері сәтті оқу түсу кепілі болды.

НУ түлектері университеттің бүкіл әлемдегі басты елшілері бола тұра, университеттің брендін алға жылжытады, және де бүгін олар өздерінің Alma Mater-іне алғысын айтып, мерейтойымен құттықтайды:

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасы бойынша 2018 жылғы түлек Әйгерім Абдиоразова Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының бөлім меңгерушісі: «Оқу барысында алған білімім мен дағдыларым жеке дамуыма ықпал етті және менің мансабымда көп көмектесті: мен шын мәнінде елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысатынымды сезінемін».

Химиялық инженерия мамандығы бойынша 2015 жылғы түлек Тамирлан Сейдахметов Стэнфорд университетіне грантқа түсті. Қазір ол Apple Inc-тің мәліметтер бойынша маманы: «Назарбаев Университеті маған әдеттегіден тыс ойлауды, қиындықтарды жеңуді, үлкен мақсаттарға жетуді және қарым-қатынас жасау үшін үлкен мүмкіндіктерді берді!»

Компьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша 2018 жылғы түлек Назерке Қалидолда, Google-де бағдарламалық жасақтама инженері болып жұмыс істейді: «Университет керемет оқиғаларға толы ерекше және ұмытылмас тәжірибе болды. Мен алма-матерге оның қабырғасында алған мүмкіндіктерім мен сабақтарым үшін дән ризамын. Рахмет және 10-жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын!»

 

Оқу бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу және сыртқы институционалдық бағалау

Бүгінгі таңда академиялық қоғамдастық мойындаған рейтингтерде қазақстандық жоғары оқу орындарының саны аз, Статистика комитетінің мәліметтеріне сай елде олардың 130-ға жуық екенін ескеру керек. Отандық білімнің флагманы болып саналатын Назарбаев Университетіне бәсекелестер арасында неге өз орнын алмасқа?

Назарбаев Университетінің 2018-2030 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес, университет жаһандық ЖОО рейтингтерілеріне қатысуды жоспарламайды, НУ «Университет толық қалыптасқанға дейін және халықаралық нарықта жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті болғанға дейін теріс имидж қалыптаспауы үшін» рейтингке қатысу мерзімін әдейі кейінге қалдырды. Осыған қарамастан, университет жуық арада ең беделді ЖОО рейтингіне енуді жоспарлап, олардың ішінде ең үздіктер қатарынан көрінгісі келеді.

Назарбаев Университеті халықаралық мойындаудың маңыздылығын түсініп, халықаралық рейтингтерге кіруге дайындалу үшін академиялық бағдарламаларды халықаралық аккредиттеуден белсенді түрде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда университет Еуропалық университеттер қауымдастығының институционалдық сыртқы бағалауынан сәтті өтті, оның нәтижелері Қауымдастық сайтында орналастырылды. Сонымен қатар, НУ-дың жекелеген мектептері халықаралық аккредиттеу процесінің аясында да ретінде жұмыс жүргізуде. Осылайша, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) 2019 жылы қыркүйекте екі магистрлік бағдарламасына арналған мемлекеттік басқару саласындағы Еуропалық аккредиттеу қауымдастығының (EAPAA) аккредитациясын алды. Бакалавриат студенттеріне арналған Университет алдындағы дайындық орталығының «Академиялық мақсаттар үшін ағылшын тілі» бағдарламасы Британдық BALEAP аккредитациялау агенттігінде 2020 жылы аккредиттелген. Қазіргі уақытта НУ Жоғары бизнес мектебі (НУ ЖБМ) Университеттік бизнес мектептерін дамыту қауымдастығының (AACSB) екінші кеңейтілген аккредиттеу кезеңінде жұмыс істейді, бұған әлемдегі үздік бизнес мектептердің тек 5 пайызы ғана ие.

Бүкіл әлемде білім беру ұйымдарының сапасына өзіндік бағалау ұсынатын көптеген талдамалық агенттіктер бар. Академиялық қоғамдастықтың жетекші және жалпыға танымал рейтингі «әйгілі үштік» - ​​Times Higher Education (THE), Quacquarelli Symonds (QS) және әлемдік университеттердің академиялық (Шанхай) рейтингі (ARWU) деп саналады.

QS негізін қалаушы Мэтт Симондс жоғарыда аталған рейтингтерге енудің негізгі өлшемдері туралы айтты. Оның айтуынша, құрастырушылардың әрқайсысы оқу орындарын әртүрлі факторларға байланысты бағалайды. ARWU үшін бедел және тарихи қалыптасқан ғылыми бедел, оның ішінде студенттер мен оқытушылар арасындағы Филдс және Нобель сыйлықтары лауреаттарының саны маңызды. THE зерттеу жобаларына назар аударады. QS үшін, бұған қосымша, жұмыс берушілердің пікірі және академиялық қоғамдастықтың ғаламдық сауалнамасының нәтижесі болып табылады, ол үшін әлемдегі беделді ғалымдардың жүздеген мың жауаптары өңделеді.

Рейтингтік агенттіктердің ЖОО-ларды бағалауы университеттерді әлемдік академиялық қоғамдастық картасына қойып, олардың бар екендігі туралы әлемге мәлімдей алады. Алайда, рейтингтер білім беру қызметтерінің сапасын қаншалықты нақты көрсетеді деген сұрақ қалады. Сондықтан Назарбаев Университеті тұрақты дамып келеді және жақын арада әлемнің жетекші университеттерімен қатар рейтингке кіруді жоспарлап отыр.

 

Әлеуметтік жауапкершілік

НУ негізі қаланғаннан бері еліміздің жоғары білім беру жүйесін реформалау мақсатында жоғары оқу орындарымен өз тәжірибесімен бөліседі. Тәжірибе тарату процесі – университет қызметінің академиялық, ғылыми, инновациялық және әкімшілік сияқты, барлық аспектілерін қамтитын жүйелік тұжырымдамалық процесс. НУ 2011 жылдан бастап әзірленген және ұйымдастырылған кәсіптік даму бағдарламалары, вебинарлар, конференциялар, семинарлар, сапарлар мыңдаған қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдерін тартады және кәсіби қауымдастықтардың құрылуына, жаңа академиялық бағдарламалардың, бірлескен зерттеу жобалары мен жарияланымдардың әзірленуіне, академиялық және институционалдық еркіндікті кеңейте отырып, Білім туралы заңға НУ құндылықтары мен қағидаттарының және жағымды өзгерістердің енгізілуіне әкелді. НУ оқытушылары, зерттеушілері мен қызметкерлері өздерінің тәжірибелерімен бөліседі және бағдарламаларды әзірлеу және бағалау, академиялық сапа, институционалдық зерттеулер, студенттермен жұмыс, мансаптық кеңес беру, HR, экономикалық жоспарлау, психологиялық кеңес беру, кітапхана мәселелері және басқа да бағыттар бойынша сараптамалық баға береді. НУ басқару моделі басқа университеттерге үлгі болды және нәтижесінде ұлттық және мемлекеттік университеттердің көпшілігінде корпоративтік басқару қағидаттары енгізілді (байқаушы кеңестер құру арқылы), ректорлар ашық конкурс арқылы тағайындалады және ұлттық және мемлекеттік университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастырылды.

Осы қиын-қыстау күндерде НУ осы жылдың сәуір айынан бастап Назарбаев Университетінің COVID-19 ынтымақтастық бастамасын іске қосу арқылы бүкіл ел бойынша коронавируспен күресті қолдайды. Бұл бастама – Назарбаев Университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің қолдауымен жасалған жоба, олар Қазақстан халқымен ынтымақтаса отырып, әртүрлі тәсілдермен пандемиямен күресте көмектесуге тырысады. Студенттер мен түлектер де шетте қалмады, тіпті пандемия кезінде қауіп-қатерге қарамастан, олар еріктілер ретінде жеке қорғаныс құралдары мен тамақпен қамтамасыз етуде дәрігерлерге белсенді түрде көмектесуде.

Бізде оқыған студенттер инвестицияларды тартуды және жоғары кірісті компаниялар құруды үйренді. Алайда, олардың қызметінің мақсаты, ең алдымен, қазақстандықтардың өмірін жақсартатын технологиялар мен жағдайларды жасау! Көптеген жобалар медициналық және әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталған. Мысалы, ReLive экскоскелеті инсультпен ауыратын науқастарға арнайы дулыға арқылы экзоскелетті ой күшімен басқара отырып, тезірек қалпына келтіруге көмектеседі. Түлектер Ғалым Бейімбетов пен Данияр Батыров Алматы көшелерін тегін ауыз сумен жабдықтайды. НУ студенттері мен ғалымдарының еңбектері қауіпсіз отын мен энергияның жаңа түрлерін табуға, электр энергиясы мен жылуды үнемдеуге бағытталған. Маңызды әлеуметтік жобалардың қатарында, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге көмектесетін, әлеуметтік әлсіз әйелдерге қолдау көрсететін «Mama Pro» қорының тең құрылтайшысы болып табылатын түлек Айжан Әлжанованың жұмысын атап өтуге болады. НУ-дың түлегі Камилла Роллан көп балалы отбасылардың балалары мен ерекше қажеттіліктері бар және мүгедек балалар оқитын «барлығына арналған білім» инклюзивті білім беру орталығының негізін қалады. Студент Мәулен Ахметов елордада алғашқы Kunde әлеуметтік кафесін ашты, онда ментальдық даму ерекшелігі бар адамдар жұмыс істейді.

Жалпы, бүгінгі таңда өткен 10 жыл ішінде Назарбаев Университеті сыни тұрғыдан ойлайтын, сынақтан өтуге, тәуекелге барудан, батылдық танытып, жаңа нәрсені жасауға қорықпайтын жас қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеуге өз үлесін қосты деп сеніммен айта аламыз. Университет өзінің келесі мерейтойына орай университеттердің әлемдік рейтингтеріне ресми түрде енуді жоспарлап отыр. Ол дәйекті түрде жұмыс істейтін болады және ауқымды жаңалықтар ашатын және ол туралы бүкіл әлемді айтқызатын, ең үздік және прогрессивті студенттер мен ғалымдарды тартатын оқу орны болуды жалғастырады.