Ғарыш жақындап келеді
Oxford University Press “Monthly Notices of the Royal Astronomical Society” журналы Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің физика кафедрасы зерттеушілерінің мақаласын жариялады. “Айналудың құлаған жұлдыздардағы конвективті құйындардың эволюциясына әсері” деп аталатын жарияланымның авторлары НУ қауымдастырылған профессоры Ерназар Әбдікамаров, Француз астрофизигі, профессор Тьерри Фоглиццо және ЖГӘҒМ 4-курс студенті – физик Олжас Мұқажанов болды.
Олжас бізге өзінің зерттеуі туралы айтып берді және ғарыш неге бәріне қызықты болуы керек деген сұраққа жауап берді.
Олжас, жарияланымыңыз туралы айтып беріңізші.
Біздің жарияланымымыз – бұл үш адамның: менің және екі профессордың – Ерназар Әбдікамаровтың және француз астрофизигі Тьерри Воглиццоның бірлескен зерттеуінің нәтижесі. Біз гидродинамиканың сызықтық теңдеулерін қолдана отырып, акустикалық құйындардың эволюциясын зерттедік. Зерттеуде біз айналмалы құлаған жұлдыздардағы дыбыс аспектілерінің бірін зерттеуге тырыстық. Белгілі болғандай, акустикалық толқындардың сәулеленуі айналуға сезімтал емес. Ең алдымен, біздің назарымыз басқа физикалық процестерді қарастырмай, айналудың өзіне әсер етуге бағытталған. Сондықтан біздің зерттеуіміздің нәтижелері егжей-тегжейлі сандық модельдеуді толықтыруға арналған.
Ғарышты зерттеуге үлкен қаражат бөлінетіні жасырын емес. Салық төлеушілер мұндай қымбат жобалар не үшін қажет деп, наразылықтарын білдіреді. Сіз бұл сұраққа қалай жауап бересіз?
Менің ойымша, адамдар ғарышты міндетті түрде зерделеуі керек. Мен астрономия нақты мәселелерді шешпейді, сондықтан іс жүзінде пайдасыз деген пікірмен мүлдем келіспеймін. Шынында, астрофизикада зерттеудің адамдарға нақты пайда әкелуі мүмкін көптеген аспектілер бар. Мысалы, кейбір астрофизиктер күнді және оның жерге, тірі де, жансыз да табиғатқа жан-жақты әсерін зерттейді. Сонымен қатар, астрономия саласындағы негізгі білім ғарыш техникасы сияқты басқа салаларда да қолданылады: олар зымыран құрушы инженерлерге күрделі ғарыш құрылымын басқаруға және оларды қызықтыратын орбиталарды болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, астрономияда қолданылатын математикалық талдауды ғылымның басқа салаларында да қолдануға болады, өйткені математика барлық жерде керек. Сондықтан ғарыштық зерттеулер міндетті түрде қаржыландырылуы керек деп санаймын, өйткені олар көптеген табиғат құбылыстары мен болашақ технологияларын зерттеуге негіз бола алады.
Сізді ғарышты зерттеуге не немесе кім шабыттандырды? Бұл сіздің саналы мамандық таңдауыңызға айналған сіздің балалық шағыңыздағы құмарлығыңыз болды ма?
Менің астрофизикамен айналысуға құштарлығым қызықты астрономияны зерделеушілермен байланысты емес, мені ғарыштағы заттардың ауқымы “қызықтырды” деп ойлаймын. Бала кезімнен мен детективтер немесе паранормальды құбылыстар болсын, мистикаға әуестендім. Мен физиканы зерделей бастағанда, табиғаттан тыс заттарға деген қызығушылығым біртіндеп басылды, бірақ ғарыш мен үшін әлі де зерделеуге қызықты және сонымен бірге шынайы болмыспен байланысты қызықты тақырып болып қала берді. Мен екінші курста оқыған кезімде астрофизикамен шындап айналысамын деп шештім. Мен жалпы салыстырмалылық курсынан өттім, содан кейін профессор Әбдікамаловқа осы саладағы жоба бойынша жұмыс жасауды сұрадым.
Алдағы жоспарларыңыз туралы айтып берсеңіз
Бірінші кезекте – профессор Әбдіқамаловпен бірге жұмыс істеп жатқан кезекті жобамды аяқтап, магистратура бағдарламасына түсу. Ұзақ мерзімді мақсаттарға келетін болсақ, олар менің болашақта ғалым болуға және ғылыми қызметпен айналысуға деген ниетіммен байланысты: мен докторантурада оқып, докторлық дәреже алып, постдокторант ретінде жұмыс істеп, сайып келгенде профессор болғым келеді.
Неліктен докторантураға түсіп, ғылыми қызметпен айналысып, ғылыми мақалалар жазғыңыз келеді?
Мен өзім үшін ғылым жолын таңдағандықтан, толыққанды ғалым болу үшін маған жоғары білім алу процесін аяқтайтын докторлық дәреже алу керек. Сонымен қатар, докторантурада оқи отырып, мен бұрыннан қалыптасқан профессорлардан ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша біліктілігімді арттырып, пән бойынша терең білім ала аламын.
Ғылыми мақалаларды жазу дұрыс деп ойлаймын, өйткені мен ғылыми зерттеулер нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктер мен қорытындыларды адамдармен бөліскім келеді. Өйткені, кез келген зерттеу өздігінен жүргізілмейді, шындықтан алшақтайды, бірақ жаңа нәрсені ашуға және ғылымды, технологияны, прогресті алға жылжытуға бағытталған. Бірақ бұл үшін алдымен зерттеу нәтижелері шынымен объективті екеніне көз жеткізу керек. Осыған байланысты peer-review-ті мұқият жүргізетін және сәйкесінше ғылымның белгілі бір саласында жаңалығымен, өзектілігімен және басқа да сапалық сипаттамаларымен ерекшеленетін еңбектерді ғана шығаратын ғылыми журналдар өте жоғары бағаланады.