НУ студенттері Samruk Hackathon 2021 жеңімпаздары атанды

     Назарбаев Университетінің студенттері Samruk Hackathon 2021 халықаралық байқауының жүлдегерлері атанды. Жарыс аясында ЖОО студенттері – жас бағдарламашылар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер “Самұрық-Қазына” портфельдік компаниялары үшін IT-міндеттердің шешімдерін ойлап тапты.

      Хакатонға 14 команда (63 қатысушы) қатысты, олардың 28 – і Назарбаев Университетінен және 35-і – Новосибирск мемлекеттік университетінен (НМУ). Қатысушыларға “Қазпошта” АҚ, “КЕГОК” АҚ, “Тау-Кен Самұрық” ҰТК” АҚ, “ҚТЖ” ҰК” АҚ және “Қазақтелеком” АҚ компанияларынан 7 бизнес-кейс ұсынылды.

    “Хакатон” форматы шешімдердегі “спринт” тек IT саласында ғана емес, көптеген жаһандық мәселелерді шешудің өте тиімді әдісі екенін көрсетеді. Жас мамандардың жобаларын бизнес-кейстер шешетіні анық. Компаниялар нақты бизнес қажеттіліктерінің бір бөлігін жергілікті нарық арқылы шешуге болатынына назар аударуы керек. Компаниялар ұсынған кейстер компаниялардың ұқсас проблемалары бар екенін көрсетті. Егер осындай тәсілді тасқынды жолға қойсақ, проблемаларды бірге шешуге болады”,– деді “Самұрық-Қазына” Цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.

     1-орынды Назарбаев Университетінің “Kazakh Gambit” командасы иеленді. Балалар “ҚТЖ” үшін нақты уақыт режимінде жүктерді трек-нөмірі мен вагон бойынша қадағалауға арналған веб және мобильді қосымша жобасын әзірледі. 2-ші орынды “Тау-Кен Самұрық” ҰТК” АҚ үшін тұлғаларды тану жобасымен Назарбаев Университетінің “NaizagAI” командасы жеңіп алды.

     3 – ші орынды НМУ “КВН” командасы Computer Vision -нейрондық желілер көмегімен бейне ағынын талдау жобасымен алды. Жоба нақты уақытта өндірістік алаңдарда жеке қорғаныс құралдарын киюді бақылауға мүмкіндік береді.

     Құрамына Қор және топ компанияларының өкілдері кірген қазылар алқасы студенттердің жұмысын бағалады. Жеңімпаздарды анықтаудың басты критерийлері жобаның архитектурасы, оның жүзеге асырылуы, шешімдердің презентациясы және жобаның жұмыс қабілеттілігі болды.

    Назарбаев Университетінің студенттері “Үздік архитектура” номинациясында да көзге түсті. “Janbyr inc” НУ командасы сатылған билеттер саны және әрбір бағыт үшін вагондардың қажетті санын болжау бойынша өзекті ақпаратты қарау үшін веб-қосымшаны әзірледі.

     “Үздік презентация” номинациясы НМУ “Engineers” командасына бұйырды. Қатысушылар компьютерлік көру алгоритмін әзірледі, ол деректер базасында авторланбаған адамдарды компания аумағына жібермеуге мүмкіндік береді.
“Самұрық-Қазына” корпоративтік университеті талантты жастардың “Цифрлық жаз” тағылымдамасы аясында 2018 жылы хакатондар өткізу тәжірибесін енгізді. Биыл алғаш рет байқауға тағылымдама бағдарламасына қатыспаған студенттер де тартылды.

     Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Назарбаев Университеті мен “Самұрық-Қазына” ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар цифрлық технологиялар, адами капитал және инновациялар саласын бірлесіп дамытуға келісті.